Қызметкерлер — Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы

    Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    3
    Нұрмолдаұлы Жанболат *
    Басқарма басшысы

    Нұрмолдаұлы Жанболат *

    Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы

    Жанболат Нұрмолдаұлы 1991 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «Құқықтану» және «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 2012 жылы «Жастар тәжірибесі» бойынша Жамбыл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде уақытша маман болып бастаған. 2013-2015 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Тараз Жастар орталығы» КММ-ның ақпараттық-талдау бөлімінің кеңесшісі, басшысы; 2015-2016 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның ұйымдастыру бөлімінің басшысы; 2016 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ-ның ақпарат және талдау бөлімінің консультанты; 2016-2020 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы идеологиялық жұмыстар және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы; 2020-2021 жылдары Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығындағы облыс әкімінің бас инспекторы, Жамбыл облысы әкімі аппараты құжаттама, бақылау және талдау бөлімінің бас инспекторы, Жамбыл облысы әкімі аппараты өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімінің бас инспекторы; 2021-2024 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппараты өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімінің басшысы қызметттерін атқарды. 2024 жылғы шілдеден бастап Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымында еңбек етті.

    Абдикаликов Жандарбек Мухтарулы
    Басқарма басшысының орынбасары

    Абдикаликов Жандарбек Мухтарулы

    Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары

    03.12.2008 -15.01.2010 жылдары Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімиятының кәсіпкерлік бөлімінің келісім шарт негізінде іс-қағаз жүргізушісі; 05.01.2011 - 20.11.2013 жылдары Жамбыл облысы Сарысу ауданы Досбол ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы; 21.11.2013 - 05.11.2015 жылдары Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің сектор меңгерушісі; 05.11.2015 - 23.11.2016 жылдары Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімнің бас инспекторы; 23.11.2016 - 12.07.2017 жылдары Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы; 12.07.2017 - 07.11.2018 жылдары Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы; 15.02.2019 - 02.05.2019 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласы әкімі аппаратының өткізу жөніндегі инспекторы; 02.05.2019 - 19.08.2019 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары; 19.08.2019 - 20.12.2019 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласы әкімінің орынбасары; 11.02.2020 - 20.11.2020 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданы Түркістан ауылдық округінің әкімі; 23.11.2020 - 24.07.2024 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімінің бас инспекторы; 25.07.2024 - 11.05.2026 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімінің басшысы; 12.05.2026 жылдан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары.

    Идеологиялық жұмысҚоғамдық-саяси ахуалАзаматтық қоғам
    Акишев Дархан Нурланұлы
    Басшының орынбасары

    Акишев Дархан Нурланұлы

    Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары

    Акишев Дархан Нұрланұлы 1991 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 2013 жылы Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша оқып бітірген. Еңбек жолын 2013 жылы Тараз қаласы, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының штаттан тыс лекторы болып бастаған. 2013-2021 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының ұйымдастыру бөлімі, ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы қызметтерін атқарған. 2021-2022 жылдары «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі. 2022 жылдың желтоқсан айыннан бастап осы уақытқа дейін Жамбыл облысы әкімі аппараты өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарған.

    БАҚ

    Бөлім

    4
    Бөлім басшысы

    Дауренова Айжан Қайратқызы

    Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығы - этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы

    2011–2015 жылдары Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша, халықаралық қатынастар факультетінде білім алған. 2024–2025 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Өңірлік даму» білім беру бағдарламасы бойынша тәмамдап, «Бизнес және басқару» магистрі дәрежесін алған. Магистрлік жобасының тақырыбы: «Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету». Ақпараттық қызмет, коммуникациялық менеджмент, ӘРПК нормаларын қолдану, әлеуметтік жобаларды іске асыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мәселелері бойынша бірқатар біліктілікті арттыру курстары мен бағдарламаларынан өткен. 2025 жылғы сәуір айында Дубай қаласында (БАӘ) Мұхаммед бин Рашид атындағы Мемлекеттік басқару мектебінде тағылымдамадан өткен. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.

    Этносаралық қатынастар

    Басқа қызметкерлер

    2
    Басшы

    Садуақас Алмат Маратұлы

    Руководитель КГУ «Дом печати имени Ш. Муртазы» управления информации и общественного развития акимата Жамбылской области (Региональная служба коммуникаций)