Қызметкерлер — Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті

    Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    2
    Амреев Газиз Сағынұлы
    Басшы

    Амреев Газиз Сағынұлы

    Департамент басшысы- бас мемлекеттік еңбек инспекторы

    АМРЕЕВ Ғазиз Сағынұлы 1992 жылғы 17 наурызда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауылында дүниеге келген. 2014 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын 2014 жылғы қыркүйек айында «Cloud Service» ЖШС-нің «Келісімшарттық агенттік» филиалында филиал менеджері лауазымынан бастаған. 2014–2019 жылдар аралығында түрлі ұйымдарда, оның ішінде «Атамекен» ҰКП, «Нарықты мониторингілеу және сараптау орталығы» ЖШС, «Cloud Service» ЖШС-нің «Келісімшарттық агенттік» филиалында сарапшы, менеджер және бөлім басшысы лауазымдарында қызмет атқарған. 2019–2024 жылдар аралығында «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы «QazIndustry» АҚ-да бас сарапшы, орталық директоры, дирекция басшысының орынбасары лауазымдарында жұмыс істеген. 2022 жылғы ақпан айынан бастап «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы «QazIndustry» АҚ-да ірі кәсіпорындар айналасында ШОБ белдеуін құру жөніндегі дирекцияның басшысы болып тағайындалған. Бұған дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК директорының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.

    Сейдалиев Нұркен Мұратұлы
    Басшының орынбасары

    Сейдалиев Нұркен Мұратұлы

    Департамент басшысының орынбасары- мемлекеттік еңбек инспекторы

    1980 жылғы 20 ақпанда Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2001 жылы Д.А. Қонаев атындағы гуманитарлық университетті «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Үйленген, төрт баласы бар. Еңбек жолын 2001 жылы Маңғыстау облысы Ақтау қаласы прокурорының көмекшісі-стажері қызметінен бастаған. 2002–2005 жылдары Маңғыстау облысы прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықты қадағалау басқармасында прокурор, аға прокурор қызметтерін атқарған. 2005 жылы Алматы облысы прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықты қадағалау басқармасының прокуроры, Алматы облысы Талдықорған қаласы прокурорының көмекшісі қызметтерінде жұмыс істеген. 2006–2008 жылдары Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінде құқықтық және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің бастығы болған. 2008–2022 жылдары Жамбыл облысы әкімінің аппаратында бас маман, бас инспектор, мемлекеттік-құқықтық бөлімнің басшысы қызметтерін атқарған. 2022–2024 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің Еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары – мемлекеттік еңбек инспекторы қызметін атқарған. 2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарып келеді.

    Бөлім

    2
    Мұхатаева Жанат Жетібайқызы
    Бөлім басшысы

    Мұхатаева Жанат Жетібайқызы

    Бөлім басшысы -мемлекеттік еңбек инспекторы

    2001-2005 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Өміртіршілік қауіпсіздігі» мамандығы бойынша білім алған. 2005-2007 жылы осы аталған университеттің "Қоршаған ортаны қорғау және өміртіршілігінің қауіпсіздігі" мамандығы бойынша магистратураны аяқтады

    Абді Бекжан Нұрланұлы
    Бөлім басшысы

    Абді Бекжан Нұрланұлы

    Бөлім басшысы -мемлекеттік еңбек инспекторы

    Әбді Бекжан Нұрланұлы , 1979 жылы 13 наурызда Жамбыл облысы ,Сарысу ауданы , Жанатас қаласында дүниеге келдім. 1994-1979 жылдары Қаратау қаласындағы Таукен Құрлыс колледжінде «Экономист-технигі» мамандығы бойынша білім алған.

    Басқа қызметкерлер

    2
    Айтақов Жарылқасын Әбдіғапарұлы
    Қызметкерлер

    Айтақов Жарылқасын Әбдіғапарұлы

    Департамент басшысы

    Айтақов Жарылқасын Әбдікапарұлы, 01.06.1962 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданы Жаңа Талап ауылында дүниеге келді. Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары: 09.1980 ж.–09.1985 Ж. Жамбыл гидромелтор - құрылыс институтының студенті. Отбасылық жағдайы: Әйелі Балалары Немерелері Тілдерді меңгеру: Қазақ, орыс

    Ибраимов Еркин Турарович
    Бөлім басшысы

    Ибраимов Еркин Турарович

    Руководитель отдела – государственный инспектор труда

    Ибраимов Еркин Турарович, родился 7 ноября 1964 года в селе Буденовка (Туимекент) Свердловского (Байзакского) района Жамбылской области.