
Мұхатаева Жанат Жетібайқызы
әдеп жөніндегі уәкіл
Өмірбаян
2001-2005 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Өміртіршілік қауіпсіздігі» мамандығы бойынша білім алған.
2005-2007 жылы осы аталған университеттің "Қоршаған ортаны қорғау және өміртіршілігінің қауіпсіздігі" мамандығы бойынша магистратураны аяқтады
19.03.2007 ж. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің әлеуметтік қызметкері
05.04.2010 ж. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы .
17.07.2013 ж. Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы
26.10.2022 ж. Жамбылы облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының мониторинг және құжаттама бөлімінің басшысы