АМРЕЕВ Ғазиз Сағынұлы
1992 жылғы 17 наурызда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауылында дүниеге келген. 2014 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын 2014 жылғы қыркүйек айында «Cloud Service» ЖШС-нің «Келісімшарттық агенттік» филиалында филиал менеджері лауазымынан бастаған.
2014–2019 жылдар аралығында түрлі ұйымдарда, оның ішінде «Атамекен» ҰКП, «Нарықты мониторингілеу және сараптау орталығы» ЖШС, «Cloud Service» ЖШС-нің «Келісімшарттық агенттік» филиалында сарапшы, менеджер және бөлім басшысы лауазымдарында қызмет атқарған.
2019–2024 жылдар аралығында «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы «QazIndustry» АҚ-да бас сарапшы, орталық директоры, дирекция басшысының орынбасары лауазымдарында жұмыс істеген.
2022 жылғы ақпан айынан бастап «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы «QazIndustry» АҚ-да ірі кәсіпорындар айналасында ШОБ белдеуін құру жөніндегі дирекцияның басшысы болып тағайындалған.
Бұған дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК директорының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.