Қызметкерлер — Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы

    Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    4
    Тұрлыбаев Мақсат Қайратұлы
    Басшы

    Тұрлыбаев Мақсат Қайратұлы

    ҚР СЖРА Ұлттық статистика Бюросының басшысы

    Тұрлубаев Мақсат Қайратұлы 1987 жылы 5 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген 2008 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (ҚМЭБИ) «Экономика» мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылы Сеул ұлттық университетін «Бизнес және менеджмент» мамандығы бойынша бітірді. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі. Мансабы 2008-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Инвестициялық саясат департаменті инвестициялық саясат басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы болып жұмыс істеді. 2011-2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік міндеттемелерді басқару саясаты және қаржы секторын дамыту департаменті Мемлекеттік міндеттемелерді басқару саясаты басқармасының бас сарапшысы, басшысы болып жұмыс істеді. 2016 жылдан 2020 жылға дейін Павлодар облысы әкімі аппаратының «Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының» басшысы болып жұмыс істеді. 2020 жылдан 2021 жылға дейін Павлодар облысы әкімі аппаратының Павлодар облысының қаржы бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді. 2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысы Хатшылығының инспекторы болып жұмыс істеді. 2022-2023 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. 2023 жылғы 17 қарашадан бастап - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

    Иембердиев Еркебұлан Сейсенұлы
    Басшының орынбасары

    Иембердиев Еркебұлан Сейсенұлы

    ҚР СЖРА Ұлттық статистикасы Бюро басшысының орынбасары

    Жалпы ақпарат, білімі 1987 жылы 1 наурызда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында туған. 2010 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Экология» мамандығы бойынша және 2014 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Экономика» мамандығы бойынша бітірді, экономика ғылымдарының магистрі Мансап жолы 2011-2013 жылдары Алматы қаласындағы «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының Статистиканы ақпараттық қамтамасыз ету және ақпараттық жүйелерді пайдалану департаменті Үй шаруашылықтары статистикасын ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің, Ауыл шаруашылығы статистикасын ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің маманы болып жұмыс істеді 2013-2014 жылдары Алматы қаласындағы «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының Ауыл шаруашылығы статистикасын ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы, бас маманы болып жұмыс істеді 2014-2016 жылдары Алматы қаласындағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының Демографиялық статистиканы ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, Өндіріс және қоршаған орта статистикасын ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді 2016-2021 жылдары Алматы қаласындағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының Өндіріс және қоршаған орта статистикасын ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы - филиал басшысының орынбасары болып жұмыс істеді 2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті Өнеркәсіп статистикасы басқармасының басшысы болып жұмыс істеді 2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Әдіснамалық дамыту және деректерді басқару саясаты департаменті директорының орынбасары, Стратегиялық жоспарлау және әдіснамалық үйлестіру департаменті директорының орынбасары, Деректер сапасын бақылау және коммуникацияларды дамыту департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді 2023-2025 жылдары Алматы қаласындағы «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының басшысы, филиал директоры болып жұмыс істеді 2025 жылғы шілдеден бастап 2026 жылғы тамызға дейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Стратегиялық жоспарлау және әдіснамалық үйлестіру департаментінің директоры лауазымын атқарды 2026 жылғы 4 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары «Статистика үздігі» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталған

    Қалиев Фархат Манарбекұлы
    Басшының орынбасары

    Қалиев Фархат Манарбекұлы

    ҚР СЖРА Ұлттық статистикасы Бюро басшысының орынбасары

    Қ алиев Фархат Манарбек ұлы 1980 жылы 18 маусымда Шығыс Қазақстан облысында туған. 2002 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит бакалавры» мамандығы бойынша бітірді

    Қарауылова Гүлмира Сайлаубекқызы
    Басшының орынбасары

    Қарауылова Гүлмира Сайлаубекқызы

    Заместитель руководителя Бюро национальной статистики АСПР РК

    Гүлмира Сайлаубекқызы Қарауылова , 1977 жылы 16 қазанда Тараз қаласында туған 1999 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірді. 2009 жылы Халықаралық бизнес университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірді, экономика магистрі. 2014 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірді, әлеуметтік білім магистрі

    Департаменттер

    46
    Шауенова Әсел Сауқымбекқызы
    Басшының орынбасары

    Шауенова Әсел Сауқымбекқызы

    ҚР СЖРА Ұлттық статистикасы Бюро басшысының орынбасары

    Шауенова Әсел Сауқымбекқызы 1978 жылы 23 қаңтарда Алматы қаласында туған. 1999 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша бітірді. Мансап жолы 2000-2007жылдарыҚазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің Баға және еңбек статистикасы департаменті Баға статистикасы басқармасы Тұтыну бағаларының статистикасы бөлімініңжетекші маманы, бастығы болып жұмыс істеді 2007-2008жылдары Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі Макроэкономикалық статистика департаментінің Баға статистикасы басқармасының бастығы болып жұмыс істеді 2008-2012 жылдарыҚазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Баға статистикасы департаменті Тұтыну бағаларының статистикасы басқармасының бастығыболып жұмыс істеді 2012-2014 жылдары ҚазақстанРеспубликасыҰлттық экономика министрлігі Статистика комитетініңБағастатистикасыбасқармасыныңбасшысыболып жұмыс істеді 2018-2020 жылдары ҚазақстанРеспубликасыҰлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Өндіріс және қоршаған орта статистикасыбасқармасыныңбасшысыболып жұмыс істеді 2020-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы Өндіріс және қоршаған орта статистикасы басқармасының басшысыболып жұмыс істеді 2021 жылғы қаңтар - 2021 жылғы ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті директорының орынбасарыболып жұмыс істеді 2021 жылғы ақпан - 2024 жылғы қаңтар аралығындаҚазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаментінің директорыболып жұмыс істеді 2024 жылғы 3 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, «Статистика үздігі»,«Үздік мемлекеттік қызметші»төс белгілерімен марапатталған.

    Жакупов Арсен Абзалович
    Қызметкерлер

    Жакупов Арсен Абзалович

    Департамент директоры, әдеп жөніндегі уәкіл

    Арсен Абзалұлы Жақыпов 1993 жылы 4 маусымда дүниеге келген. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын және «Болашақ» бағдарламасы бойынша Йорк университетін (Ұлыбритания) бітірген. Сондай-ақ, DBB академиясында (Германия, Берлин қ.), сонымен қатар Мұхаммед ибн Рашид атындағы Мемлекеттік басқару мектебінде (БАӘ, Дубай қ.) шетелдік тағылымдамадан өтті. Еңбек жолын Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің жетекші маманы (заңгері) болып бастады. 2015 жылдан 2016 жылға дейін Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің сәулет-жоспарлау секторының жетекші маманы, Нарынқол ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы. 2016-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының жетекші маманы. 2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы. 2019 жылдан 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті қоғамдық-саяси жұмыс басқармасының бас сарапшысы. 2020 жылдан 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мемлекет және қоғам коммуникацияларын дамыту департаментінің қоғамдық қатысу және ашықтық қағидаттарын мемлекеттік органдарда дамыту басқармасының басшысы. 2022 жылдан 2023 жылға дейін Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Павлодар облысы бойынша өкілі. Қазіргі лауазымына тағайындалғанға дейін Алматы облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментін басқарды.

    Сандыбаева Бахытгуль Таукеновна
    Басшының орынбасары

    Сандыбаева Бахытгуль Таукеновна

    Басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің функцияларын атқарушы

    Базаров Сертай Рыскелдіұлы
    Басшының орынбасары

    Базаров Сертай Рыскелдіұлы

    «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агентігі Ұлттық статистика бюросының Абай облысы бойынша департаменті» РММ басшының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкілі

    Әдеп жөніндегі уәкіл

    10

    Басқармалар

    1

    Басқа қызметкерлер

    22