
Қалиев Фархат Манарбекұлы
ҚР СЖРА Ұлттық статистикасы Бюро басшысының орынбасары
Өмірбаян
Қалиев Фархат Манарбекұлы
1980 жылы 18 маусымда Шығыс Қазақстан облысында туған.
2002 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит бакалавры» мамандығы бойынша бітірді
2000-2003 жылдары Шығыс Қазақстан облысының Ақпаратық- статистикалық орталығының Ұлан ауданы статистика секторының аға есепшісі, маманы болып жұмыс істеді
2003-2005 жылдары Шығыс Қазақстан облысының Статистика басқармасы Ұлан ауданының Молодежное кенті әкімшілік-аумақтық бірлігі бойынша маманы, бас маманы болып жұмыс істеді
2005-2007 жылдары Шығыс Қазақстан облысының Статистика басқармасы Ұлан ауданы Статистика бөлімінің маманы, бас маманы болып жұмыс істеді
2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Микроэкономикалық статистика департаменті Қызмет көрсету саласы статистикасы басқармасының Инновация және туризм бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істеді.
2008-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Өндіріс статистикасы департаменті Аграрлық сектор статистикасы басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы болып жұмыс істеді.
2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Стратегиялық даму департаменті Стратегиялық жоспарлау және мониторинг басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
2014-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Статистикалық процестерді дамыту департаментінің бас сарапшысы, басшысы болып жұмыс істеді.
2021 жылғы қаңтар - 2023 жылғы шілде аралығында Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Статистикалық процестерді дамыту департаменті директорының орынбасары, директоры болып жұмыс істеді.
2021 жылғы шілде - 2024 жылғы қазан аралығында Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Деректердің сапасын бақылау және коммуникацияларды дамыту департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
2024 жылғы 31 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, «Статистика үздігі» төсбелгісімен марапатталған.


