Иембердиев Еркебұлан Сейсенұлы

    ҚР СЖРА Ұлттық статистикасы Бюро басшысының орынбасары

    Иембердиев Еркебұлан Сейсенұлы
    Басшының орынбасары

    Иембердиев Еркебұлан Сейсенұлы

    ҚР СЖРА Ұлттық статистикасы Бюро басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    Жалпы ақпарат, білімі

    1987 жылы 1 наурызда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында туған.

    2010 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Экология» мамандығы бойынша және 2014 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Экономика» мамандығы бойынша бітірді, экономика ғылымдарының магистрі

    Мансап жолы

    2011-2013 жылдары Алматы қаласындағы «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының Статистиканы ақпараттық қамтамасыз ету және ақпараттық жүйелерді пайдалану департаменті Үй шаруашылықтары статистикасын ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің, Ауыл шаруашылығы статистикасын ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің маманы болып жұмыс істеді

    2013-2014 жылдары Алматы қаласындағы «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының Ауыл шаруашылығы статистикасын ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы, бас маманы болып жұмыс істеді

    2014-2016 жылдары Алматы қаласындағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының Демографиялық статистиканы ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, Өндіріс және қоршаған орта статистикасын ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді

    2016-2021 жылдары Алматы қаласындағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының Өндіріс және қоршаған орта статистикасын ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы - филиал басшысының орынбасары болып жұмыс істеді

    2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті Өнеркәсіп статистикасы басқармасының басшысы болып жұмыс істеді

    2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Әдіснамалық дамыту және деректерді басқару саясаты департаменті директорының орынбасары, Стратегиялық жоспарлау және әдіснамалық үйлестіру департаменті директорының орынбасары, Деректер сапасын бақылау және коммуникацияларды дамыту департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді

    2023-2025 жылдары Алматы қаласындағы «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының басшысы, филиал директоры болып жұмыс істеді

    2025 жылғы шілдеден бастап 2026 жылғы тамызға дейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Стратегиялық жоспарлау және әдіснамалық үйлестіру департаментінің директоры лауазымын атқарды

    2026 жылғы 4 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары

    «Статистика үздігі» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталған

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері