
Қарауылова Гүлмира Сайлаубекқызы
Заместитель руководителя Бюро национальной статистики АСПР РК
Өмірбаян
Гүлмира Сайлаубекқызы Қарауылова ,
1977 жылы 16 қазанда Тараз қаласында туған
1999 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірді.
2009 жылы Халықаралық бизнес университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірді, экономика магистрі.
2014 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірді, әлеуметтік білім магистрі
1994-2000 жылдары «Байланыс-құрылысшы» МАК Жамбыл филиалында, «Таразтурист» ЖШС-де жұмыс істеді
2000-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Әлеуметтік және демографиялық статистика департаментінің Әлеуметтік статистика және үй шаруашылығын зерттеу басқармасы Халықтың тұрмыс деңгейі статистикасы бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істеді
2001-2002 жылдары «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Ақпараттық-есептеу орталығы» РМК Үй шаруашылықтары статистикасын ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің маманы болып жұмыс істеді
2003 жылғы наурыздан қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік саласының шығыстарды жоспарлау департаменті Білім, ғылым, мәдениет, спорт және БАҚ басқармасының Мәдениет, спорт және БАҚ бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істеді
2007-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Әлеуметтік және демографиялық статистика департаменті Әлеуметтік статистика басқармасының бас маманы, сарапшысы лауазымдарда жұмыс істеді
2009-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Еңбек статистикасы және үй шаруашылықтарын зерттеу департаменті Үй шаруашылықтарын зерттеу басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы лауазымдарда жұмыс істеді
2010-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті Тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасының бас сарапшысы, бастығы лауазымдарда жұмыс істеді
2011-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті Үй шаруашылықтарын зерттеу басқармасының басшысы болып жұмыс істеді
2014-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасының бас сарапшысы, басшысы, Қызмет көрсету және энергетика статистикасы басқармасының басшысы лауазымдарда жұмыс істеді
2020-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Қызмет көрсету және энергетика статистикасы басқармасының басшысы болып жұмыс істеді
2021 жылғы қаңтардан бастап 2025 жылғы сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Қызмет көрсету және энергетика статистикасы департаменті директорының орынбасары, директоры болып жұмыс істеді
2025 жылғы 29 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, «Статистика үздігі» төсбелгісімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.


