Бөлім басшысы
Құрылыс және мониторинг бөлімінің басшысы
Жалпы ақпарат, білім Қанат Қайратұлы Күжүмбаев 1990 жылғы 14 сәуiрде СҚО, Ақжар ауданы, Киевское ауылында туды. Білімі жоғары, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне түсіп, 2011 жылы «Құрылыс» мамандығы бойынша Техника және технология бакалавры деңгейімен аяқтап шықты. Марапаттар және көтермелеулер: « Қазақстан мен Ресей туризмін дамытудағы жаңа тәсілдер мен үрдістер» атты Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының XV форумын өткізуге қатысқаны үшін облыс әкімі Қ.І.Ақсақаловтың атынан Алғыс хат - 19.11.2018 ж.; Астана күні мерекесіне орай, СҚО әкімі Қ.І.Ақсақаловтан Алғыс хат - 06.07.2019 ж.; Түркістан облысы Арыс қ. қалпына келтіру және салу жұмыстарына қатысқаны үшін СҚО әкімінің атынан Алғыс хат - 07.09.2019.