
Өмірбаян
Қосым Дүсенәліұлы Ансатбаев 1981 жылы Түркіменстанда туды. Білімі жоғары.
Еңбек жолын Қызылорда қаласындаҚазақ гуманитарлық заң университетінің оқытушысы жұмысынан бастады.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын Қызылорда облысының сауда және мемлекеттік сатып алулар басқармасында жетекші маман ретінде бастады.
Қызылорда облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті Әкімшілік бөлімінің бас маманы – заңгер;
Қызылорда облысының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментінің бас маманы;
Қызылорда облысының Cәулет және қала құрылысы басқармасының экономикалық талдау және ұйымдастыру, кадр жұмыстары бөлімінің басшысы;
Қызылорда облысының Мемлекеттік сәулет құрылыс бақылауы басқармасының Әкімшілік бөлімінің басшысы;
Қызылорда облысы бойынша Сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті басшысының орынбасары;
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылысы бақылау және лицензиялау департаментінің басшысы;
2014 жылы Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды;
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ Астана филиалының құрылысындағы баға белгілеу орталығының директоры;
Алматы қаласы Қала құрлысын бақылау басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарында істеді.
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ басшысы.
Марапаттар және көтермелеулер:
«Ерен еңбегі үшін» медалі, 2023 ж. 25.10.
