
Күжүмбаев Қанат Қайратұлы
Құрылыс және мониторинг бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Жалпы ақпарат, білім
Қанат Қайратұлы Күжүмбаев 1990 жылғы 14 сәуiрде СҚО, Ақжар ауданы, Киевское ауылында туды. Білімі жоғары, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне түсіп, 2011 жылы «Құрылыс» мамандығы бойынша Техника және технология бакалавры деңгейімен аяқтап шықты.
Марапаттар және көтермелеулер:
«Қазақстан мен Ресей туризмін дамытудағы жаңа тәсілдер мен үрдістер» атты Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының XV форумын өткізуге қатысқаны үшін облыс әкімі Қ.І.Ақсақаловтың атынан Алғыс хат - 19.11.2018 ж.;
Астана күні мерекесіне орай, СҚО әкімі Қ.І.Ақсақаловтан Алғыс хат - 06.07.2019 ж.;
Түркістан облысы Арыс қ. қалпына келтіру және салу жұмыстарына қатысқаны үшін СҚО әкімінің атынан Алғыс хат - 07.09.2019.
Мансап
Еңбек жолын 2011 ж. 07.08. – 2015 ж. 26.05. Ақжар ауданы «Киевское-Север» ЖШС диспетчер жұмысынан бастайды. Мемлекеттік қызметке 2015 ж. 27.05. - 2018 ж. 18.04. «Солтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесіне Техникалық бөлімнің бас маманы лауазымына конкурс нәтижесі арқылы орналасады. 2018 ж. 18.04.- 2020 ж. 20.12. аралығында осы мекеменің атауы өзгеріп, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ-сі Құрылыс бөлімінің бас маманы ; 2020 ж. 21.12. - 30.10.2023. - Құрылыс және мониторинг бөлімінің басшысы; 03.11.2023.-27.12.2024 - «Samruk-Kazyna Construction» АҚ СҚО бойынша Өңірлік өкілдігі,Өндірістік техникалық бөлімініңжетекші маманы болып істеді.
2025 жылғы 6 қаңтарда конкурстық комиссияның шешімі негізінде, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ-нің Құрылыс және мониторинг бөлімінің басшысы лауазымына қабылданды.