Ғалеев Қайрола Төлеуұлы

    Басқарма басшысы

    Ғалеев Қайрола Төлеуұлы
    Руководитель управления

    Ғалеев Қайрола Төлеуұлы

    Басқарма басшысы

    Өмірбаян

    Қайрола Төлеуұлы Ғалеев 1967 жылы 20 қарашада Солтүстiк Қазақстан облысы Булаев ауданы Чистовский совхозында дүниеге келдi. 1994 жылы Ақмола ауылшаруашылық институтын инженер-механик мамандығы бойынша бiтiрдi. 2011 ж. Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнде экономика және бизнес бакалавры мамандығын алды.

    Еңбек жолын 1989 жылы «Отделстрой» ҚМБ 3 дәрежелi электриктен бастады. 1990 жылы Булаев ауданы «Авангард» кеңшарындағы мал шаруашылығында аға дәнекершi болып iстедi. 1994-1998 жылдары — Булаев ауданы «Дәурен» ҚШ инженер-механик болып жұмыс iстедi. 1998-1999 жылдары — Булаев минципальдық коммуналдық шаруашылығы кәсiпорнының конкурстық басқарушысы лауазымында болды. 2000--2002 жылдары — Булаев «Сельхозмеханизация» МКК астық қозғалысы жөнiндегi менеджер болып жұмыс iстедi.

    2006-2009 жылдары — «Петропавл қаласының ТКШ, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» ММ автомобиль жолдары бөлiмiнiң бастығы. 2009-2011 жылдары — «Петропавл қаласының ТКШ, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» ММ бастығының орынбасары лауазымын атқарды.

    2011-2012 жылдары — «Коммунхоз» МКК директоры болып жұмыс iстедi. 5-шi шақырылған Петропавл қалалық мәслихатының депутаты болды. 2012 ж. 0азаннан бастап, 2020 ж. 11 наурызға дейiн Петропавл қаласы әкiмiнiң құрылыс және жедел мәселелер жөнiндегi орынбасары. 2020 ж. 08 сәуiрден 2021 ж. 25 қаңтарға дейін, СҚО әкiмдiгiнiң құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары болып істеді.

    2021 ж. 25 қаңтардан бастап, СҚО әкiмінің өкіміне сәйкес, СҚО әкiмдiгiнiң құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысы лауазымына тағайындалды.

    Марапаттар және көтермелеулер:

    «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі, 2011 ж.

    «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі, 2016 ж.

    «Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі, 2017 ж.

    СҚО әкімі Қ.І.Ақсақаловтан Құрмет грамотасы - 11.12.2020 ж.

    «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі - 10.12.2021 ж.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері