
Шайхимов Айтуған Абылайұлы
Павлодар облысы Железин ауданының әкімі
Айтуған Шайхимов 1980 жылы Железин ауданында дүниеге келген. Павлодар мемлекеттік университетін «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша және Инновациялық Еуразия университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтады. Функционалдық міндеттері: Ауданға жалпы басшылық жасайды. Президент саясатын іске асыру бойынша жергілікті және аумақтық атқарушы органдардың жұмыстарын және Қазақстан Республикасы Үкіметі бағдарламаларының қолданылуын, заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз етуді, мемлекеттік және салалық, сондай-ақ облыстық және аудандық бағдарламалардың, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясын үйлестіреді. Облыстық атқарушы органдармен және аудандық мәслихатпен өзара қарым-қатынас. Жергілікті атқарушы органдардың кадрлық мәселелері. Аймақ аралық ынтымақтастық мәселелері, инвестицияларды тарту, табиғи ресурстарды пайдалану. Бюджеттік саясатты және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын қалыптастыру. Аудандық сотпен, прокуратурамен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аудандық бөлімшесімен, ауданның ішкі істер бөлімімен, ауданның Әділет басқармасымен және ауданның қорғаныс істері бөлімімен өзара қарым-қатынас.























