Шайхимов Айтуған Абылайұлы

    Павлодар облысы Железин ауданының әкімі

    Шайхимов Айтуған Абылайұлы
    Аким

    Шайхимов Айтуған Абылайұлы

    Павлодар облысы Железин ауданының әкімі

    Өмірбаян

    Айтуған Шайхимов 1980 жылы Железин ауданында дүниеге келген. Павлодар мемлекеттік университетін «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша және Инновациялық Еуразия университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтады.

    Функционалдық міндеттері:

    • Ауданға жалпы басшылық жасайды.
    • Президент саясатын іске асыру бойынша жергілікті және аумақтық атқарушы органдардың жұмыстарын және Қазақстан Республикасы Үкіметі бағдарламаларының қолданылуын, заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз етуді, мемлекеттік және салалық, сондай-ақ облыстық және аудандық бағдарламалардың, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясын үйлестіреді.
    • Облыстық атқарушы органдармен және аудандық мәслихатпен өзара қарым-қатынас.
    • Жергілікті атқарушы органдардың кадрлық мәселелері.
    • Аймақ аралық ынтымақтастық мәселелері, инвестицияларды тарту, табиғи ресурстарды пайдалану.
    • Бюджеттік саясатты және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын қалыптастыру.
    • Аудандық сотпен, прокуратурамен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аудандық бөлімшесімен, ауданның ішкі істер бөлімімен, ауданның Әділет басқармасымен және ауданның қорғаныс істері бөлімімен өзара қарым-қатынас.

    Еңбек жолын 1998 жылы Железин ауданының Еңбекші мектебінде мұғалім болып бастады. Осы оқу орнында директордың орынбасары болды.
    2004-2007 жылдары «Қазақстан - Павлодар» РТРК АҚ облыстық филиалының редакторы, аға редакторы қызметін атқарды.
    2007-2009 жылдары Павлодар облысы әкімінің аппаратында жұмыс істеп, аймақ басшысының баспасөз қызметін басқарды.
    2009-2010 жылдары Павлодар облысы ішкі саясат басқармасының жанындағы сараптамалық ақпарат орталығы директорының орынбасары болды.
    2010-2012 жылдары Май ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары лауазымында қызмет етті.
    2012-2017 жылдары Павлодар облыстық мәслихатының аппаратына жетекшілік етті.
    2017 жылғы сәуір айынан бастап VI шақырылымдағы Павлодар аудандық мәслихатының хатшысы болып тағайындалды.

    2021.27.10 жылдан бастап Железин ауданының әкімі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері