
Ибрагимов Қайрат Ибрагимұлы
Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Ибрагимов Қайрат Ибрагимұлы – 1978 жылы туған, қазақ, білімі – жоғары, 2011 жылы Инновациялық Еуразиялық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын 2001 жылы Железин туберкулезге қарсы поликлиниканың кочегары болып бастады.
2002 жылдан 2003 жылға дейін – Железин аудандық аурухананың қазандық құрылғыларының машинисті,
2004 жылдан 2006 жылға дейін – Железин № 3 орта мектебінің бухгалтері,
2006 жылдың мамырынан 2006 жылдың қыркүйегіне дейін – «Данабанк» АҚ несиелік әкімшісі,
2007 жылдың шілдесінен 2007 жылдың қазанына дейін – «Верекс» ЖШС еңбекақы бойынша бухгалтері,
2007 жылдың қазанынан 2008 жылға дейін – Ертіс ауданы Тоқта ауылының әкімі аппаратының бас бухгалтері,
2008 жылдан 2011 жылға дейін – Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің экономикалық талдау, жоспарлау және ішкі аудит жөніндегі бас маманы,
2012 жылдың ақпанынан 2012 жылдың қазанына дейін – Железин ауданының сәулет, қала құрылыс және құрылыс бөлімінің есеп жөніндегі инспекторы,
2012 жылдың қазанынан желтоқсанына дейін – Железин ауданының Озерный селолық округі әкімі аппаратының іс жүргізу жөніндегі жетекші маманы,
2012 жылдың желтоқсанынан 2013 жылға дейін – Железин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің аграрлық саясат бойынша бас маманы,
2013 жылдан 2014 жылға дейін – Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары,
2014 жылдан2017 жылғадейін – Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы,
2017 жылдан2018 жылғадейін – Аудан әкімі аппаратының басшысы, «Павлодар облысы Ертіс ауданы әкімінің аппараты» ММ, Ертіс а.,
2018 жылдың қазіргі уақытқа дейін – Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.





