
Асайынов Мұрат Жаяқұлы
Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1974 жылы туған, қазақ, екі жоғары білімі бар, 1996 жылы Омбы мемлекеттік аграрлық университетін «Ветеринария» мамандығы бойынша, 2011 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын 1996 жылы Железин аудандық ветеринарлық станциясының Михайлов ветучаскесінің ветеринарлық фельдшері болып бастады. 1996 жылдан 1998 жылға дейін Железин аудандық ветстанциясының мал дәрігері-эпизотолог. 1998 жылдан 1999 жылға дейін Железин аудандық ветстанциясында мал дәрігері-терапевт. 1999 жылдың мамырынан 1999 жылдың қарашасына дейін Железин аудандық ветеринарлық қадағалау бөлімінің жетекші маманы. 1999 жылдың қарашасынан 1999 жылдың желтоқсанына дейін Железин ауданының өндірістік және коммуналдық салаларының құрылыс бөлімінің бас маманы. 1999 жылдан 2003 жылға дейін Железин ауданының коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы, 2003 жылдан 2006 жылға дейін Железин ауданының әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-инспекторлық және кадр жұмыстары бөлімінің бас маманы, 2006 жылдан 2007 жылға дейін Железин ауданының әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы, 2007 жылдан 2008 жылға дейін Железин ауданының әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-инспекторлық және кадр жұмыстары бөлімінің басшысы, 2008 жылдан 2009 жылға дейін Железин ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы, 2009 жылдан қазіргі уақытқа дейін Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы





