Бельгия Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Елшілігі

    Елшілік туралы

    Бельгия Корольдігіндегі Қазақстан Республикасы Елшілігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

    Сайт жұртшылықты дипломатиялық миссияның қызметімен кеңінен таныстыру, сондай-ақ Бельгияда тұратын қазақстандықтар мен Қазақстанға турист ретінде келуге немесе елмен іскерлік байланыс орнатуға ниет білдірген шетелдік азаматтарға ақпараттық қолдау көрсету үшін ұсынылған.

    Қазақстан Республикасының Елшілігі

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Құрылтай - 2026

    Құрметті отандастар! 2026 жылғы 23 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігі жанындағы №405 сайлау учаскесінде (мекенжайы: Avenue Van Bever 30, 1180 Brussels, Belgium) Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтеді. №405 сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне Бельгия Корольдігі мен Люксембург Ұлы Герцогтігі аумағында уақытша немесе тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты немесе жеке куәлігі бар Қазақстан Республикасының азаматтары енгізіледі. Құрметті азаматтар! №405 сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне енгізу үшін алдын ала өз деректеріңізді (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, ЖСН, тұрғылықты мекенжайы, байланыс деректері) «Құрылтай – 2026» деген белгімен алдын ала [email protected] және [email protected] электрондық пошталарына жолдауларыңызды сұраймыз. Дауыс беру күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты немесе жеке куәлігі болуы қажет. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда келесі телефон нөмірлері арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: +32 2 373 38 90, +32 497 03 24 28. Сіздерді Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына қатысып, белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырамыз.

    23 тамыз 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі «Экспорттаушылар витринасы» халықаралық цифрлық платформасын іске қосты

    «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ («Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ еншілес ұйымы) «Экспорттаушылар витринасы» ( https://export.bgov.kz ) платформасын іске қосты. Жаңа ресурс отандық өнімдер мен қызметтерді жаһандық нарыққа жаппай шығару мақсатында әзірленіп, шетелдік сатып алушылар назарын аудару үшін әзірленді. Платформа «Made in Kazakhstan» өнімдерінің кеңейтілген каталогын ұсынады. Мұнда негізгі назар нақты тауарларға, олардың сипаттамалары мен тұтынушылық қасиеттеріне аударылған. Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі өкілдерінің айтуынша, Экспорттаушылар витринасының басты ерекшелігі — оның айқын экспорттық бағыттылығы. Платформадағы тауарлар бес негізгі сала бойынша жіктелген: жеңіл өнеркәсіп, азық-түлік және химия өнеркәсібі, АӨК өнімдері, металлургия, машина жасау және құрылыс саласы. Іздеу жүйесі әлеуетті сатып алушыларға қажетті өнімдерді кілт сөздер арқылы оңай табуға мүмкіндік береді. Мәселен, белгілі бір сұраныс енгізілген жағдайда жүйе осы санат бойынша қазақстандық өндірушілер ұсынатын барлық қолжетімді ұсыныстарды көрсетеді. Әрбір тауар карточкасында өнімнің толық сипаттамасы мен негізгі техникалық параметрлері берілген. Сонымен қатар пайдаланушы нақты өнім бетінен сол өнімді өндіруші компанияның профиліне бірден өту мүмкіндігіне ие. « Аталған платформада тек агенттік тарапынан тексеруден өткен, верификацияланған өндірушілер ғана ұсынылған. «ЭКА тексерген» мәртебесі сенімділіктің кепілі ретінде қызмет атқарып, тәуекелдерді азайтады және қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушылар арасындағы өзара іс-қимыл барысында сенімді нығайтады », – деп атап өтті Мадина Ержанова, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі Басқарма төрағасының орынбасары. «Экспорттаушылар витринасы» жобасы қазақстандық бизнес пен халықаралық нарықтар арасындағы цифрлық көпірге айналуды көздейді. Платформа жеткізушілерді іздеу үдерісін жеңілдетіп, отандық брендтердің шетелдегі танымалдығын арттыруға ықпал етеді. Бастама «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі жүзеге асырып отырған шикізаттық емес экспортты қолдау және сыртқы экономикалық қызметті цифрландыру стратегиясы аясында іске асырылды.

    1 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Шетел азаматтарына арналған «QazETA» цифрлық платформасы

    QazETA – шетел азаматтарына арналған цифрлық мемлекеттік платформа QazETA – шетел азаматтарына көші-қон және оған ілеспе негізгі қызметтерге «бір терезе» қағидаты бойынша (шетелдіктерге арналған бірыңғай цифрлық терезе) ыңғайлы, ашық әрі қауіпсіз қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында құрылған мемлекеттік цифрлық платформа. Жоба шетел азаматтарының Қазақстанның мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылының заманауи әрі қолайлы үлгісін қалыптастыруға, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған. Нұсқаулықты жүктеп алу: QazETA Guide QazETA платформасының негізгі мақсаттары: шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына кіруі мен елде болуына байланысты рәсімдерді жеңілдету; шетелдіктің елге кіру сәтінен бастап күнделікті қызметтерді пайдалануына дейін мемлекеттік сервистермен жүйелі өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін бірыңғай цифрлық кіру нүктесін құру; процестердің ашықтығын арттыру, өтінімдерді қарау мерзімдерін қысқарту және қызмет көрсету сапасын жақсарту; негізгі көші-қон рәсімдерін цифрлық және мобильді форматқа көшіру. Қазіргі уақытта QazETA пилоттық режимде жұмыс істейді және оны енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Осы кезеңде келесі қызметтер қолжетімді: электрондық виза (e-Visa) алу; электрондық кіру рұқсатын (ETA) рәсімдеу; Қазақстан Республикасының электрондық резиденті мәртебесін (e-Residency) алу; шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өткендігі туралы анықтама алуы (соның ішінде мобильді құрылғылардың IMEI кодтарын верификациялау мақсатында). Платформаның негізгі сервистері Электрондық виза (e-Visa) Электрондық виза – бұл шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға виза беру жөніндегі мемлекеттік қызметтің цифрлық нысаны. 104 мемлекеттің азаматтары (тізім қоса беріледі) келесі санаттар бойынша бір реттік электрондық виза рәсімдей алады: «А3» (қызметтік); «А5» (инвесторлық); «В1», «В2», «В3» (іскерлік); «В9-1» (Digital Nomad Visa); «В10» (жеке); «В12» (туристік); «С12» (емделу мақсатында). Электрондық виза электрондық форматта рәсімделген шақыру негізінде беріледі (шақыру ҚР ІІМ аумақтық полиция органдарында рәсімделеді) және тек визаны алушыға ғана жарамды, бірге жүретін тұлғаларға қолданылмайды. Паспорт ауыстырылған жағдайда электрондық визаны қайта алу қажет. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының аумағына тек жарамды электрондық визаны пайдалана отырып және Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларындағы өткізу пункттері арқылы ғана кіріп-шыға алады. Электрондық кіру рұқсаты (Electronic Travel Authorization – ETA) ETA Қазақстан Республикасының визалық талаптарынан босатылған мемлекеттердің азаматтарына арналған. Рұқсат электрондық форматта рәсімделеді. Қазақстанға сапарлауды жоспарлаған шетел азаматтары ETA алуға өтінімді мобильді қосымша арқылы сапардан кемінде 72 сағат бұрын береді. ETA-ның жарамдылық мерзімі – 180 күн. Шетел азаматтарының Қазақстандағы нақты болу мерзімі қолданыстағы көші-қон заңнамасына сәйкес реттеледі. Сонымен бірге берілген ETA Қазақстан Республикасының аумағына кіруге кепілдік бермейді. Елге кіруге рұқсат беру туралы түпкілікті шешімді шекаралық бақылаудан өту кезінде Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы қабылдайды. ETA алу талабынан мына тұлғалар босатылады: дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері; ресми делегация мүшелері; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері. Пилоттық кезеңде Қазақстан Республикасының визалық талаптарынан босатылған елдер азаматтары үшін ETA алу ұсынымдық сипатқа ие. Пилоттық кезең аяқталғаннан кейін аталған санаттағы азаматтар үшін ETA алуды міндетті түрде енгізу кезең-кезеңімен жоспарланып отыр. Электрондық резиденттік (e-Residency) e-Residency – Қазақстан Республикасынан тыс жерде жүрген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) юрисдикциясы шеңберінде мемлекеттік және коммерциялық цифрлық сервистерге қолжетімділік беретін инновациялық құрал. Электрондық резиденттік АХҚО юрисдикциясы аясында жүзеге асырылады және мыналарды қамтиды: жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) қашықтан алу; банктік шоттар мен төлем карталарын ашу; eSIM рәсімдеу; компанияларды қашықтан тіркеу және бизнес жүргізу. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өткені туралы анықтама алу Платформа арқылы шетел азаматтары Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өткені туралы анықтама ала алады, оның ішінде мобильді құрылғылардың IMEI кодтарын верификациялау мақсатында. Болашақта жоспарланатын сервистер Алдағы уақытта платформаның функционалы кеңейтіліп, келесі қызметтерді енгізу жоспарлануда: медициналық сақтандыру рәсімдеу; ETA иелері үшін шекаралық бақылаудан жеделдетілген тәртіппен өту мүмкіндігі; сервистік алымды төлеу; өзге де цифрлық қызметтер. QazETA мобильді қосымшасы Play Market (Android) және App Store платформаларында жүктеп алуға қолжетімді. Жоба аясында техникалық қолдау қызметі жұмыс істейді. Өтініштер мен ұсыныстарды [email protected] электрондық поштасына жолдауға болады.

    21 қаңтар 2026 ж.Тікелей