Қызметкерлер — Шалқар аудандық мәслихаты

    Шалқар аудандық мәслихаты басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    2
    Шамбалаев Жарылгасын Талмырзаевич
    Мәслихат депутат

    Шамбалаев Жарылгасын Талмырзаевич

    Шалқар аудандық мәслихатының төрағасы

    Жалпы ақпарат, білімі Шамбалаев Жарылгасын Талмырзаевич 1964 жылы 01 мамырда дүниеге келген. Білімі жоғары. 1997жылы Ақтөбе жоғарғы политехникалық техникумын және 2002 жылы Қайнар университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Мансап Еңбек жолын 1984 жылы Ақтөбе облысы Шалқар қаласындағы ішкі істер бөлімінен бастап, 2012 жылға дейін қызмет атқарған; 2012--2013 жылдар аралығында «Өнеркәсіп құрылыс» ЖШС бақылау қызметінің бастығы қызметін атқарған; 2013-2016 жылдар аралығында Бозой селолық округінің әкімі, 2016-2024 жылдары «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалының атқарушы хатшысы, 2024 жылдың 14 қазанынан бастап Шалқар аудандық мәслихатының төрағасы лауазымына тағайындалды.

    Бәшбаева Алтыншаш Жалғасханқызы
    Аппарат басшысы

    Бәшбаева Алтыншаш Жалғасханқызы

    Шалқар аудандық мәслихатының аппарат басшысы

    Жалпы ақпарат, білімі Бәшбаева Алтыншаш Жалғасханқызы 1975 жылы 28 мамырда дүниеге келген. Білімі жоғары. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Темір совхоз-техникумын «бухгалтерлік есеп, шаруашылық қызметін бақылау және талдау» мамандығы бойынша,, 2004 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша, 2013 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Мансап Еңбек жолын 1994 жылы Ақтөбе облысы Шалқар қаласында №90 балабақшасында балабақша тәрбиешісі болып бастаған; 1996--1998 жылдар аралығында №21 Шалқар кәсіптік – техникалық мектепте өндірістік оқу шебері қызметін атқарған; 2000-2005 жылдар аралығында «Тоғыз селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, 2005-2008 жылдар аралығында «Кішіқұм селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, 2008-2016 жылдар аралығында «Шалқар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, 2016-2026 жылдар аралығында «Шалқар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы қызметін атқарған. 2026 жылдың 26 наурызынан бастап Шалқар аудандық мәслихатының аппарат басшысы лауазымына тағайындалды.

    Басқа қызметкерлер

    16
    Бәшбаева Алтыншаш Жалғасханқызы
    Әдеп жөніндегі уәкіл

    Бәшбаева Алтыншаш Жалғасханқызы

    Уполномоченный по этике

    Жалпы ақпарат, білімі Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (бұдан әрі – Әдеп кодексі) бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.

    Тасқынбаева Гүлшат Айтбайқызы
    Бөлім басшысы

    Тасқынбаева Гүлшат Айтбайқызы

    бөлім басшысы

    Жалпы ақпарат, білімі Тасқынбаева Гүлшат Айтбайқызы 1973 жылы 26 қарашада дүниеге келген. Білімі жоғары. 2007 жылы Ақтөбе кооперативтік колледжін «экономика, бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша, 2013 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Мансап Еңбек жолын 1991 жылы Ақтөбе облысы Шалқар қаласында Шалқар тігін фабрикасында тігінші болып бастаған; 1995--2009 жылдар аралығында Шалқар аудандық жер комитетінде техник, «Ақтөбеэнергоснаб» АҚ Шалқар бөлімінде контролер, «Қала Тазалығы 2003» ЖШС есепші, Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде қоғамдық жұмысшы, Шалқар аудандық құрылыс бөлімі ММ есепші, Шалқар аудандық құрылыс бөлімінде техникалық қызметкер қызметтерін атқарған; 2009-2011 жылдар аралығында «Шалқар аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы, 2011-2013 жылдар аралығында «Шалқар аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, 2013-2017 жылдар аралығында «Шалқар аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, 2017-2026 жылдар аралығында «Шалқар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маман қызметін атқарған. 2026 жылдың 27 наурызынан бастап Шалқар аудандық мәслихатының бөлім басшысы лауазымына тағайындалды.