
Тасқынбаева Гүлшат Айтбайқызы
бөлім басшысы
Өмірбаян
Жалпы ақпарат, білімі
Тасқынбаева Гүлшат Айтбайқызы 1973 жылы 26 қарашада дүниеге келген.
Білімі жоғары. 2007 жылы Ақтөбе кооперативтік колледжін «экономика, бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша, 2013 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Мансап
Еңбек жолын 1991 жылы Ақтөбе облысы Шалқар қаласында Шалқар тігін фабрикасында тігінші болып бастаған;
1995--2009 жылдар аралығында Шалқар аудандық жер комитетінде техник, «Ақтөбеэнергоснаб» АҚ Шалқар бөлімінде контролер, «Қала Тазалығы 2003» ЖШС есепші, Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде қоғамдық жұмысшы, Шалқар аудандық құрылыс бөлімі ММ есепші, Шалқар аудандық құрылыс бөлімінде техникалық қызметкер қызметтерін атқарған;
2009-2011 жылдар аралығында «Шалқар аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы,
2011-2013 жылдар аралығында «Шалқар аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы,
2013-2017 жылдар аралығында «Шалқар аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы,
2017-2026 жылдар аралығында «Шалқар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маман қызметін атқарған.
2026 жылдың 27 наурызынан бастап Шалқар аудандық мәслихатының бөлім басшысы лауазымына тағайындалды.


