
Шамбалаев Жарылгасын Талмырзаевич
Шалқар аудандық мәслихатының төрағасы
Өмірбаян
Жалпы ақпарат, білімі
Шамбалаев Жарылгасын Талмырзаевич 1964 жылы 01 мамырда дүниеге келген.
Білімі жоғары. 1997жылы Ақтөбе жоғарғы политехникалық техникумын және 2002 жылы Қайнар университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Мансап
Еңбек жолын 1984 жылы Ақтөбе облысы Шалқар қаласындағы ішкі істер бөлімінен бастап, 2012 жылға дейін қызмет атқарған;
2012--2013 жылдар аралығында «Өнеркәсіп құрылыс» ЖШС бақылау қызметінің бастығы қызметін атқарған;
2013-2016 жылдар аралығында Бозой селолық округінің әкімі,
2016-2024 жылдары «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалының атқарушы хатшысы,
2024 жылдың 14 қазанынан бастап Шалқар аудандық мәслихатының төрағасы лауазымына тағайындалды.