
Бәшбаева Алтыншаш Жалғасханқызы
Шалқар аудандық мәслихатының аппарат басшысы
Өмірбаян
Жалпы ақпарат, білімі
Бәшбаева Алтыншаш Жалғасханқызы 1975 жылы 28 мамырда дүниеге келген.
Білімі жоғары. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Темір совхоз-техникумын «бухгалтерлік есеп, шаруашылық қызметін бақылау және талдау» мамандығы бойынша,, 2004 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша, 2013 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Мансап
Еңбек жолын 1994 жылы Ақтөбе облысы Шалқар қаласында №90 балабақшасында балабақша тәрбиешісі болып бастаған;
1996--1998 жылдар аралығында №21 Шалқар кәсіптік – техникалық мектепте өндірістік оқу шебері қызметін атқарған;
2000-2005 жылдар аралығында «Тоғыз селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы,
2005-2008 жылдар аралығында «Кішіқұм селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы,
2008-2016 жылдар аралығында «Шалқар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы,
2016-2026 жылдар аралығында «Шалқар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы қызметін атқарған.
2026 жылдың 26 наурызынан бастап Шалқар аудандық мәслихатының аппарат басшысы лауазымына тағайындалды.
