Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы

    Басқарма туралы

    «Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы, қадағалауы функцияларды жүзеге асыруға Қызылорда облысының әкімдігі
    уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып
    табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Техникалық қадағалаушының ай сайынғы есебін қалай тапсыру қажет?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңының 34-1 бабының 5-тармағының 6-тармақшасына сәйкес техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органына ай сайын негізде объект құрылысының жай-күйі және барылысы туралы есепті ұсынуға міндетті. Техникалық қадағалаушы сарапшылары нысанның жәй-күйі және және барысы туралы есепті ай сайынғы негізде e-qurylys ақпараттық жүйесі арқылы жолдайды. Бұған қоса, айлық есептің ішіне берілген нұсқамалардың және нысанның фотосуреттерімен қоса жолдайды.

    ·
    Сұрақ

    Тапсырыс берушінің құқықтары қандай?

    Жауап

    Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңның 34-2 бабына сәйкес тапсырыс берушінің құқықтары: 1) мердігер (бас мердігер) орындап жатқан жұмыстардың барысы мен сапасына және олардың орындалу мерзімдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асыруға; 2) мердігерден талаптар бұзыла отырып орындалған жұмыстарды қабылдамауға; 3) техникалық қадағалау қызметін бақылауға; 4) сәйкессіздіктер анықталған жағдайда техникалық және авторлық қадағалаулардың қорытындыларын алудан бас тартуға; 5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

    ·
    Сұрақ

    Көп қабатты тұрғын үйлерге өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша қорытындыны қалай аламыз.

    Жауап

    «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 66-2-бабына сәйкес адамдар жаппай жиналатын объектілер мен 28 метрден асатын ғимараттарды пайдалануға қабылдау сатысында олардың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қортындыны Тапсырыс беруші «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңда белгіленген тәртіппен объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды алуға міндеттілігі көрсетілген. Ережеге сәйкес қорытынды беру мемлекеттік қызмет көрсету түрінде электрондық нысанда «Электрондық үкіметтің» веб-порталы ақпараттық жүйесіндегі «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы арқылы 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап жүзеге асырылады.

    ·
    Ақпарат

    Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2027-2029 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар жобалары

    Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2027-2029 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар жобалары төмендегі сілтеме арқылы біле аласыздар! https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3672&budgetId=4331566&budgetState=

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2027-2029 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар жобалары

    Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2027-2029 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар жобалары төмендегі сілтеме арқылы біле аласыздар! https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3672&budgetId=4331566&budgetState=

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар жобалары

    Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар жобалары төмендегі сілтеме арқылы біле аласыздар! https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3672&budgetId=4018547&budgetState=

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бөлінісінде бюджеттік бағдарламалар паспортының нысаналы индикаторлары мен түпкілікті нәтижелерінің тізбесі

    Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бөлінісінде бюджеттік бағдарламалар паспортының нысаналы индикаторлары мен түпкілікті нәтижелерінің тізбесі сыр бойы газетінің сілтемесі: syrboyi.kz/wp-content/uploads/2026/07/104-105-21179-21180.pdf

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрлыс бақылауы басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында 2026 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы

    Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрлыс бақылауы басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында 2026 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы Басқармада сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру үшін осы сипаттағы әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі мен Қылмыстық кодексінің нормаларын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Басқарма қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған құқықтық семинар іс-шаралар тоқсан сайын ұйымдастырылды. Өткізілген құқықтық семинарға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілдері қатысып тиісті түсіндірмелер жүргізілді. Семинар барысында мемлекеттік қызметшілерге қойылған шектеулерді сақтау және заңсыздықтарға жол бермеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерден (әрекетсіздіктен) сақтандыру, алдын алу, болдырмау бағыты жөнінде толығырақ түсіндірілді. Сыбайлас жемқорлықтын алдын алуға және болдырмауға бағытталған яғни өмірде жемқорлықсыз бақытты болудың маңыздылығы көрсетілді. Бұндай түсіндіру және бақылау шаралары жұмыс барысында бөлім басшылары тарапынан да жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында халықпен кері байланыс орнату жұмыстары жолға қойылып, басқармаға келуге ниет білдірген азаматтарды жеке қабылдау тұрақты негізде ұйымдастырылып келеді. Басқарманың бақылау салалары бойынша қабылданатын шешімдердің ағымына мүдделі тұлғалардың заңсыз араласуына және олардың қызметкерлерді түрлі құқық бұзушылықтарға арандатушылық әрекеттеріне жол бермеу мақсатында, қызметкерлердің жұмыс уақытындағы жүріс-тұрыстарына бейнебақылау камералары арқылы бақылау орнатылып, ішкі қауіпсіздік күшейтілді. Бұған қоса, қызметкерлердің жұмыс барысында сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттерге жол бермеу жағдайларына бақылау жүргізіліп келді. Атқарылған шаралардың нәтижесінде Басқарма қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарға жол берілген жоқ. Басқарма қызметінің ашықтығын, ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмыстары да жолға қойылып, атқарылған жұмыстар туралы басқарманың«Facebook», «Instagram»әлеуметтік желісінде және «Gov kz»ресми сайтында299 мақалалар мен жаңалықтар жарияланды. Заңнамаларды түсіндіру мақсатында БАҚ-қа 2 сұхбат берілді. Бұған қоса, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес Басқарманың қызметіне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдау нәтижесімен уәкілетті органға ұсыныстар енгізілді.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында 2026 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы

    Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрлыс бақылауы басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында 2026 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы Басқармада сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру үшін осы сипаттағы әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі мен Қылмыстық кодексінің нормаларын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Басқарма қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған құқықтық семинар іс-шара ұйымдастырылды. Өткізілген құқықтық семинарға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілдері қатысып тиісті түсіндірмелер жүргізілді. Семинар барысында мемлекеттік қызметшілерге қойылған шектеулерді сақтау және заңсыздықтарға жол бермеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерден (әрекетсіздіктен) сақтандыру, алдын алу, болдырмау бағыты жөнінде толығырақ түсіндірілді. Сыбайлас жемқорлықтын алдын алуға және болдырмауға бағытталған яғни өмірде жемқорлықсыз бақытты болудың маңыздылығы көрсетілді. Бұндай түсіндіру және бақылау шаралары жұмыс барысында бөлім басшылары тарапынан да жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында халықпен кері байланыс орнату жұмыстары жолға қойылып, басқармаға келуге ниет білдірген азаматтарды жеке қабылдау тұрақты негізде ұйымдастырылып келеді. Басқарманың бақылау салалары бойынша қабылданатын шешімдердің ағымына мүдделі тұлғалардың заңсыз араласуына және олардың қызметкерлерді түрлі құқық бұзушылықтарға арандатушылық әрекеттеріне жол бермеу мақсатында, қызметкерлердің жұмыс уақытындағы жүріс-тұрыстарына бейнебақылау камералары арқылы бақылау орнатылып, ішкі қауіпсіздік күшейтілді. Бұған қоса, қызметкерлердің жұмыс барысында сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттерге жол бермеу жағдайларына бақылау жүргізіліп келді. Атқарылған шаралардың нәтижесінде Басқарма қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарға жол берілген жоқ. Басқарма қызметінің ашықтығын, ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмыстары да жолға қойылып, атқарылған жұмыстар туралы басқарманың«Facebook», «Instagram»әлеуметтік желісінде және «Gov kz»ресми сайтында153 мақалалар мен жаңалықтар жарияланды. Бұған қоса, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес Басқарманың қызметіне ішкі талдау жүргізу жоспарланған.

    Жарияланды: