
Қала аумағында салынып жатқан құрылыс нысандарына мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Қалиев Ғанижан Піртазаұлы басқарма қызметкерлерімен бірге Қызылорда қаласындағы “Нұрсат” теннис орталығы мен Қызылжарма науа каналының құрылысына мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Мониторинг барысында, мердігер мекемелерге құрылысты бекітілген кестеге сәйкес жүргізілу керектігін және техникалық, авторлық қадағалаушыларға құрылыс объектілеріне бақылауды күшейту керектігін ескертті.









