Басқарма басшысы
Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы
Мен, Қалиев Ғанижан Піртазайұлы, 1970 жылы 27 қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келдім. Алматы халық шаруашылығы институтын "Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау" мамандығыy және бойынша бітіргеннен кейін 1991-1998 жылдары Қызылорда облысы бойынша қалалық, облыстық қаржы бөлімінің бақылау-тексеру басқармасының және қаржы-валюталық бақылау басқармасының бақылаушы-ревизоры, аға бақылаушы-ревизоры, бас бақылаушы-ревизоры болып жұмыс істедім. 2009 жылы "Құқықтану" мамандығы бойынша екінші жоғары білім алып, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірдім. Қаржы жүйесіндегі және мемлекеттік қызметтегі жалпы жұмыс өтілім 31 жыл 4 айды құрайды. 1992 жылы 28 сәуірде Қармақшы РВК жанындағы комиссия бейбіт уақытта қызметте жарамсыз деп танылдым, соғыс уақытында құрылыссыз қызметке жарамды деп танылдым. Қазақстан Республикасының қаржы саласының дамуына, Қазақстан Республикасының мемлекеттілігінің қалыптасуына, егемендігінің нығаюы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен, «Құрмет» орденімен, «Қазақ хандығына – 550 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Астанаға 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 100 жыл» мерекелік медальдарымен наградталдым.