
Калиев Ганижан Пиртазаевич
Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы
Өмірбаян
Мен, Қалиев Ғанижан Піртазайұлы, 1970 жылы 27 қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келдім. Алматы халық шаруашылығы институтын "Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау" мамандығыy және бойынша бітіргеннен кейін 1991-1998 жылдары Қызылорда облысы бойынша қалалық, облыстық қаржы бөлімінің бақылау-тексеру басқармасының және қаржы-валюталық бақылау басқармасының бақылаушы-ревизоры, аға бақылаушы-ревизоры, бас бақылаушы-ревизоры болып жұмыс істедім.
2009 жылы "Құқықтану" мамандығы бойынша екінші жоғары білім алып, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірдім. Қаржы жүйесіндегі және мемлекеттік қызметтегі жалпы жұмыс өтілім 31 жыл 4 айды құрайды. 1992 жылы 28 сәуірде Қармақшы РВК жанындағы комиссия бейбіт уақытта қызметте жарамсыз деп танылдым, соғыс уақытында құрылыссыз қызметке жарамды деп танылдым.
Қазақстан Республикасының қаржы саласының дамуына, Қазақстан Республикасының мемлекеттілігінің қалыптасуына, егемендігінің нығаюы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен, «Құрмет» орденімен, «Қазақ хандығына – 550 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Астанаға 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 100 жыл» мерекелік медальдарымен наградталдым.
Еңбек жолын Қызылорда қалалық қаржы бөлімінің бақылаушы-ревизоры ретінде бастаған.
1992-2003 жылдары Қаржы министрлігіне қарасты комитеттерінде бас бақылаушы-тексеруші, бөлім бастығы қызметтерін атқарған.
2003-2010 жылдары Әділет министрлігінің
Қаржы департаменті директорының орынбасары,
Орталық сайлау комиссиясының қаржы-бақылау бөлімінің меңгерушісі.
2010-2016 жылдары Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша инспекциясының басшысы.
2016-2019 жылдары Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымын атқарған.
2019 жылдан осы кезге дейін Қаржы министрлігінің
Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымын атқарған .
2023 жылдын қаңтар айынан бастап Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.
