Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрлыс бақылауы басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында 2026 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы
Басқармада сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру үшін осы сипаттағы әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі мен Қылмыстық кодексінің нормаларын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Басқарма қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған құқықтық семинар іс-шаралар тоқсан сайын ұйымдастырылды.
Өткізілген құқықтық семинарға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілдері қатысып тиісті түсіндірмелер жүргізілді.
Семинар барысында мемлекеттік қызметшілерге қойылған шектеулерді сақтау және заңсыздықтарға жол бермеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерден (әрекетсіздіктен) сақтандыру, алдын алу, болдырмау бағыты жөнінде толығырақ түсіндірілді.
Сыбайлас жемқорлықтын алдын алуға және болдырмауға бағытталған яғни өмірде жемқорлықсыз бақытты болудың маңыздылығы көрсетілді.
Бұндай түсіндіру және бақылау шаралары жұмыс барысында бөлім басшылары тарапынан да жүзеге асырылуда.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында халықпен кері байланыс орнату жұмыстары жолға қойылып, басқармаға келуге ниет білдірген азаматтарды жеке қабылдау тұрақты негізде ұйымдастырылып келеді.
Басқарманың бақылау салалары бойынша қабылданатын шешімдердің ағымына мүдделі тұлғалардың заңсыз араласуына және олардың қызметкерлерді түрлі құқық бұзушылықтарға арандатушылық әрекеттеріне жол бермеу мақсатында, қызметкерлердің жұмыс уақытындағы жүріс-тұрыстарына бейнебақылау камералары арқылы бақылау орнатылып, ішкі қауіпсіздік күшейтілді.
Бұған қоса, қызметкерлердің жұмыс барысында сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттерге жол бермеу жағдайларына бақылау жүргізіліп келді.
Атқарылған шаралардың нәтижесінде Басқарма қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарға жол берілген жоқ.
Басқарма қызметінің ашықтығын, ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмыстары да жолға қойылып, атқарылған жұмыстар туралы басқарманың «Facebook», «Instagram» әлеуметтік желісінде және «Gov kz» ресми сайтында 299 мақалалар мен жаңалықтар жарияланды.
Заңнамаларды түсіндіру мақсатында БАҚ-қа 2 сұхбат берілді.
Бұған қоса, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес Басқарманың қызметіне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдау нәтижесімен уәкілетті органға ұсыныстар енгізілді.