Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті

    Комитет туралы

    "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші - қон комитеті" мемлекеттік мекемесі көші – қон процестерін реттеуді және халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құзыреті шегінде государственный орган және уәкілетті орган болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Қазақстанда босқын мәртебесін қалай алуға болады?

    Жауап

    Жауап: Босқын мәртебесін алу үшін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам өзінің болатын жері бойынша халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға өтінішхатпен жүгінуі қажет. Өтінішхат тіркелгеннен кейін өтініш берушіге пана іздеуші адамның куәлігі беріледі. Өтінішхатты қарау нәтижелері бойынша босқын мәртебесін беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылданады. Босқын мәртебесін беру тәртібі Қазақстан Республикасының «Босқындар туралы» Заңымен және өтінішхаттарды қараудың тиісті қағидаларымен реттеледі.

    ·
    Сұрақ

    Егер жұмыс беруші жеке тұлға болса, рұқсат алғаннан кейін мамандығын немесе лауазымын өзгертуге бола ма?

    Жауап

    Жауап: Жоқ, қолданыстағы берілген рұқсат бойынша мамандықты немесе лауазымды жай ғана өзгертуге болмайды. Қағидаларға сәйкес, еңбек иммигратына рұқсат нақты жеке тұлға-жұмыс берушінің үй шаруашылығында жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) үшін беріледі. Сонымен қатар, рұқсат жұмыс берушімен және еңбек иммиграты еңбек қызметін жүзеге асыруды жоспарлаған жылжымайтын мүліктің мекенжайымен байланысты. Егер бастапқыда ресімделген рұқсатқа сәйкес келмейтін еңбек қызметінің талаптары өзгерсе, онда басқа мамандық бойынша жұмысты жай ғана бастамай, белгіленген тәртіппен тиісті өзгерістерді ресімдеу қажет.

    ·
    Сұрақ

    Еңбек иммигрантының рұқсатын қалай ұзартуға болады?

    Жауап

    Жауап: Еңбек иммигрантының рұқсатын ұзарту шетелдік пен жұмыс берушінің бірлесіп электрондық үкімет порталы немесе migration.enbek.kz арқылы не белгіленген тәртіппен Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады. Ұзарту үшін өтініш, салықтың алдын ала төленгенін растайтын құжат, соңғы 12 айдағы мемлекеттік шекарадан өткендігі туралы белгілері бар паспорт, тиісті мерзімге медициналық сақтандыру және жұмыс берушімен жасалған еңбек шарты қажет.

    ·
    Сұрақ

    Әлеуетті қатысушы қабылдау өңірін қалай таңдап, өңірлік квотаға енгізу туралы өтінішті қалай бере алады?

    Жауап

    Жауап: Ең алдымен жергілікті атқарушы органдар бекітетін және жаңартып отыратын сұранысқа ие кәсіптер мен өзекті бос жұмыс орындарының тізбесімен танысу қажет. Болжамды қоныс аудару күніне қолжетімді ұсыныстарды ескеру қажет. Толық ақпарат migration.enbek.kz порталында «Қоныстандыру картасы» бөлімінде орналастырылады. Онда өңірлермен және жұмыс орындары ұсынылатын елді мекендермен, тұру жағдайларымен, жұмысқа орналасу және отбасы мүшелерінің бейімделу мүмкіндіктерімен, сондай-ақ өңірлік квотада бос орындардың болуы туралы мәліметтермен танысуға болады. Қоныс аудару шарттарын нақтылау үшін үміткер таңдалған өңірдің мансап орталығына консультация алу үшін жүгіне алады. Тұрғылықты жерді таңдағаннан және квотаның бар-жоғын тексергеннен кейін өтініш migration.enbek.kz порталы арқылы онлайн форматта беріледі.

    ·