Еңбек иммигрантының рұқсатын қалай ұзартуға болады?
Жауап:
Еңбек иммигрантының рұқсатын ұзарту шетелдік пен жұмыс берушінің бірлесіп электрондық үкімет порталы немесе migration.enbek.kz арқылы не белгіленген тәртіппен Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.
Ұзарту үшін өтініш, салықтың алдын ала төленгенін растайтын құжат, соңғы 12 айдағы мемлекеттік шекарадан өткендігі туралы белгілері бар паспорт, тиісті мерзімге медициналық сақтандыру және жұмыс берушімен жасалған еңбек шарты қажет.