Әлеуетті қатысушы қабылдау өңірін қалай таңдап, өңірлік квотаға енгізу туралы өтінішті қалай бере алады?

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті

    Сұрақ

    Әлеуетті қатысушы қабылдау өңірін қалай таңдап, өңірлік квотаға енгізу туралы өтінішті қалай бере алады?

    Жауап

    Жауап:

    Ең алдымен жергілікті атқарушы органдар бекітетін және жаңартып отыратын сұранысқа ие кәсіптер мен өзекті бос жұмыс орындарының тізбесімен танысу қажет.

    Болжамды қоныс аудару күніне қолжетімді ұсыныстарды ескеру қажет.

    Толық ақпарат migration.enbek.kz порталында «Қоныстандыру картасы» бөлімінде орналастырылады.

    Онда өңірлермен және жұмыс орындары ұсынылатын елді мекендермен, тұру жағдайларымен, жұмысқа орналасу және отбасы мүшелерінің бейімделу мүмкіндіктерімен, сондай-ақ өңірлік квотада бос орындардың болуы туралы мәліметтермен танысуға болады.

    Қоныс аудару шарттарын нақтылау үшін үміткер таңдалған өңірдің мансап орталығына консультация алу үшін жүгіне алады. Тұрғылықты жерді таңдағаннан және квотаның бар-жоғын тексергеннен кейін өтініш migration.enbek.kz порталы арқылы онлайн форматта беріледі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Қазақстанда босқын мәртебесін қалай алуға болады?

    Жауап

    Жауап: Босқын мәртебесін алу үшін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам өзінің болатын жері бойынша халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға өтінішхатпен жүгінуі қажет. Өтінішхат тіркелгеннен кейін өтініш берушіге пана іздеуші адамның куәлігі беріледі...

    Көші-қон комитеті·
    Сұрақ

    Егер жұмыс беруші жеке тұлға болса, рұқсат алғаннан кейін мамандығын немесе лауазымын өзгертуге бола ма?

    Жауап

    Жауап: Жоқ, қолданыстағы берілген рұқсат бойынша мамандықты немесе лауазымды жай ғана өзгертуге болмайды. Қағидаларға сәйкес, еңбек иммигратына рұқсат нақты жеке тұлға-жұмыс берушінің үй шаруашылығында жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) үшін беріледі. Сонымен қатар, рұқсат жұ...

    Көші-қон комитеті·
    Сұрақ

    Еңбек иммигрантының рұқсатын қалай ұзартуға болады?

    Жауап

    Жауап: Еңбек иммигрантының рұқсатын ұзарту шетелдік пен жұмыс берушінің бірлесіп электрондық үкімет порталы немесе migration.enbek.kz арқылы не белгіленген тәртіппен Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады. Ұзарту үшін өтініш, салықтың алдын ала төленгенін растайтын құжат,...

    Көші-қон комитеті·