
Ионенко Виктор Николаевич
Рудный қаласы әкімі
Қостанай ауыл шаруашылығы институтын "инженер-механик"мамандығы бойынша бітірген. Жедел шешім қабылдау үшін Whatsapp-қа хабарласыңыз: +7 707 010 9109 Қала аумағында Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының, жоғарыда тұрған мемлекеттік органдардың басқа актілерінің орындалуын ұйымдастырады, қаланың халық шаруашылығы кешенінің қызмет етуін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметімен өзара қызмет етеді. «Қазақстан - 2030», «Қазақстан - 2050» Стратегияларының орындалуын бақылайды. Кадрлық саясатты жүзеге асырады. Мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жай-күйіне жауапты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдайды. Төмендегілердің жұмысын үйлестіреді: қала әкімі орынбасарларының, әкім аппараты басшысының, Қашар және Горняцк кенттері әкімдерінің. Мына қызметтерге басшылық етеді: Рудный қаласы әкімдігінің; бюджет комиссиясының; Рудный қаласы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның; Рудный қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның; Рудный қаласы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның; төтенше жағдайларды алдын алу және жою жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссияның. Бірлесе іс-қимыл жасауды жүзеге асырады: Рудный қаласының прокуратурасымен; «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі ММ) Рудный қалалық бөлімімен; Рудный қалалық сотымен; Рудный қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен; «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының полиция департаменті Рудный қаласының полиция басқармасы» ММ.



































