Бос орын города Рудного
Рудный қаласы әкімі аппаратының басшысы
Өмірбаян
Бос орын
Әкім аппаратын басқаруды, қала әкімі аппаратының жұмысын келешекке және ағымдағы жоспарлауды жүзеге асырады.
Аппарат қызметіндегі әрекеттерді қала әкімінің орынбасарларымен келіседі, Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының, Үкіметі қаулыларының, облыс, қала әкімі шешімдері, өкімдерінің және тапсырмаларының, облыс, қала әкімдігі қаулыларының орындалуына бақылау жасау мәселелері жөніндегі қала мекемелерінің, кенттер әкімдері аппараттарының жұмыстарын үйлестіреді.
Кадрларды іріктеу және мемлекеттік органдарды реформалау мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді.
«Электрондық үкіметті» дамыту қызметін және Рудный қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері ұсынатын мемлекеттік қызметті көрсету мәселелерін үйлестіреді.
Қала әкімдігі отырыстарын өткізуді, қала әкімі жанындағы кеңестерді дайындауды және өткізуді ұйымдастырады.
Мыналардың қызметтеріне басшылық етеді:
ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің;
персоналды басқару қызметінің;
мемлекеттік қызметтерді ішкі бақылау, мониторинг жасау және ақпараттық технологиялар қызметінің;
құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің;
заң бөлімінің, бөлім басшысы болмаған кезеңде оның міндеттерін орындайды;
бухгалтерлік есеп бөлімінің;
жұмылдыру дайындығы, терроризмді ескерту және алдын алу, азаматтық қорғаныс және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімімен;
бас инспектор;
бас маман - кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысымен.
«Рудный қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі «Рудный қаласының ахуалдық орталығы» КММ-ға жетекшілік етеді.
Бірлесе іс-қимыл жасауды жүзеге асырады:
Рудный қалалық мәслихатымен;
Қостанай облысы әкімдігі ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Қостанай облысының мемлекеттік архиві» КММ «Рудный қалалық мемлекеттік архиві» филиалымен;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ Қостанай облысы бойынша филиалы халыққа қызмет көрсету бойынша Рудный қаласы бөлімімен;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ Қостанай облысы бойынша филиалының Рудный қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімімен




