Сақтағанов Талғат Сапабекұлы

    Рудный қаласы әкімінің орынбасары

    Сақтағанов Талғат Сапабекұлы
    Заместитель акима

    Сақтағанов Талғат Сапабекұлы

    Рудный қаласы әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы

    2004 жыл - М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік экономикалық университеті

    Мамандығы

    бухгалтерлік есеп және аудит

    Өнеркәсіп, құрылыс, кәсіпкерлік, экономика және қаржы мәселелеріне жетекшілік етеді.

    Өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысына мониторинг жүргізеді, олардың қызметінің тиімділігін талдайды және қалада өндірістің өсуі бар резервтерін анықтайды.

    Экономика, бюджеттік жоспарлау, жергілікті бюджетті орындау, коммуналдық меншікті басқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелерін үйлестіреді.

    Мемлекеттік сатып алу, салық және қаржы-несиелеу тәртібін ұйымдастыру, қаладағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды талдау мәселелеріне басшылық жасайды.

    Цифрландыру жөніндегі шараларды іске асыруды және тиісті салалардың қызметіне жобалық басқару принциптерін енгізуді қамтамасыз етеді.

    Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, халықтың әлеуметтік осал санаттарына әртүрлі көмек көрсету мәселелеріне жетекшілік етеді.

    Әлеуметтік саланы дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді.

    Әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі қалалық комиссиялардың, кеңестердің жұмысын ұйымдастырады.

    Жетекшілік етеді:

    Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық қаржы бөлімі» ММ;

    Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ;

    Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық құрылыс бөлімі» ММ;

    «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, оның государственный органға бағынышты ұйымдары.

    Кәсіпкерлік мәселелері бойынша Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ.

    Бірлесе іс-қимыл жасауды жүзеге асырады:

    «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Рудный қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі РММ);

    «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Қостанай облысы бойынша қазынашылық департаменті Рудный қалалық қазынашылық басқармасы» РММ;

    «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қостанай облысының статистика департаменті» РММ Рудный қаласының статистика басқармасымен;

    «Қостанай облысы бойынша еңбек ұтқырлығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Рудный қаласының мансап орталығы» филиалымен;

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ Қостанай облысы бойынша филиалы Рудный қаласының әлеуметтік қамсыздандыру бөлімімен;

    «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Рудный қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ;

    Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Қостанай облысы Рудный қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» РММ;

    Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының Рудный қаласындағы филиалымен;

    медициналық мекемелер және ұйымдармен;

    шағын және орта бизнес кәсіпорындарымен;

    екінші деңгейдегі банктермен;

    өнеркәсіп кәсіпорындарымен;

    құрылыс индустриясы және құрылыс қәсіпорындарымен.

    Күні

    қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері

    қабылданған

    босатылған

    20.10.2004

    05.01.2005

    Денисов ауданы бойынша Салық комитетінің бас маманының міндетін уақытша атқарушы, Денисов кенті

    05.01.2005

    31.05.2005

    Денисов ауданы бойынша Салық комитетінің аудит және жанама салықтар бөлімінің бас маманы, Денисов кенті

    31.05.2005

    07.12.2005

    Денисов ауданы бойынша Салық комитетінің аудит және жанама салықтар бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы, Денисов кенті

    07.12.2005

    17.06.2010

    Рудный қаласы бойынша Салық комитеті салықтық тіркеу бөлімінің бас маманы, Рудный қаласы

    18.06.2010

    09.09.2010

    Арнайы салық режимдерінің өндірістік төлемдерін әкімшілендіру басқармасы ранайы салық режимдерін әкімшілендіру бөлімінің бастығы, Қостанай қ.

    09.09.2010

    26.07.2013

    Арнайы салық режимдерінің өндірістік төлемдерін әкімшілендіру басқармасы ранайы салық режимдерін әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, Қостанай қ.

    26.07.2013

    08.01.2014

    Өндірістік төлемдерді және шағын және орта бизнес субъектілерін әкімшілендіру басқармасы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, Қостанай қ.

    08.01.2014

    12.02.2015

    Қарасу ауданы бойынша басқарма басшысының орынбасары, Қостанай қ.

    26.09.2018

    11.12.2018

    Қостанай ауданы Майкөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы, Қостанай ауданы, Майкөл селосы

    12.12.2018

    27.08.2020

    Қостанай ауданы Майкөл ауылдық округінің әкімі, Қостанай ауданы, Майкөл селосы

    01.09.2020

    06.2023

    Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары, Ұзынкөл а.

    06.2023

    осы уақытқа дейін

    Рудный қаласы әкімінің орынбасары

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері