
Өмірбаян
Зейнелғабиден Амангелдіұлы Әбілов – 07.2021 жылдан бастап Горняцк кентінің әкімі.
Білімі жоғары, 1999 жылы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын география мамандығы бойынша, екінші жоғары білімді 2012 жылы Рудный индустриалдық институтын менеджмент мамандығы бойынша бітірген.
Кеңес Әскері қатарындағы қызметінен кейін, әр жылдары Арқалық «Ромжилкоммун» МП жүргізушісі, Торғай облысы ІІБ қызметкері, Торғай облысының су ресурстары жөніндегі инспекторы, Торғай облысы телерадиокомпаниясының директоры, «Арна» АҚ коммерция жөніндегі директорының орынбасары, «ЭлектроДил» ЖШС директоры, «Энергопромышленная компания» ЖШС директоры, «Қостанай» РТРК» АҚ Қостанай облыстық филиалының уақытша редакторы, Рудный қаласының № 5 гимназиясының қосымша білім беру педагогы, БАҚ және байланыс жөніндегі ректордың көмекшісі, Рудный қаласы әкімдігінің «Мәдениет, демалыс және шығармашылық орталығы» МКҚК «Орбита» ДО ұлттық шығармашылық бойынша әдіскер.
2011 жылдан 2021 жылға дейін Рудный қаласы әкімдігінің «Мәдениет, демалыс және шығармашылық орталығы» МКҚК Горняцк кентінің «Арман» клубы бөлімшесінің басшысы болып жұмыс істеді.
2021 жылдың шілде айында Горняцкий кентінің әкімі болып тағайындалды.





