Қызметкерлер — Қостанай облыстық мәслихаттың аппараты

    Қостанай облыстық мәслихаттың аппараты басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    3
    Ещанов Сайлаубек Ергазиевич
    Мәслихатының төрағасы

    Ещанов Сайлаубек Ергазиевич

    Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы

    Ещанов Сайлаубек Ерғазыұлы Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы Жалпы ақпарат, білімі Ещанов Сайлаубек Ерғазыұлы, 1958 жылы 16 наурызда Қостанай облысы Науырзым ауданы Дәмді ауылында дүниеге келген. 1976 жылы Дәмді орта мектебін бітіріп, Қостанай педагогикалық институтының физика-техникалық факультетіне түсіп, 1981 жылы бітірді. Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.

    Жутаев Махаббат Сағынбайұлы
    Мәслихатының төрағасы

    Жутаев Махаббат Сағынбайұлы

    Мәслихаттың әлеуметтік сала және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы

    Қостанай облыстық мәслихаты әлеуметтік сала және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы 1968 жылы 1 шілдеде Орынбор облысының Кваркено ауылында қызметшілер отбасында дүниеге келген. Бірінші мамандығы – хирург-дәрігер, 1993 жылы Орынбор медициналық институтын, ал 1995 жылы Санкт-Петербург жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру медициналық академиясын бітірген. Оқу кезеңінде ол Владивосток қаласында КСРО Әскери-теңіз күштерінің қатарында қызмет етті.

    Тулегенова Карлыгаш Кунисбаевна
    Аппарат басшысы

    Тулегенова Карлыгаш Кунисбаевна

    Қостанай облыстық мәслихаты аппаратының басшысы

    «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» Жалпы ақпарат, білім і 1979 жылы 3 қазанда Қостанай облысы Жітіқара ауданында дүниеге келген. Білімі: А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік институты (2000 ж.), «Құқықтану» мамандығы. Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті (2019 ж.), бакалавриат, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы. ММ аппараты басшысының қызметтік міндеттері Мәслихат аппаратына жалпы басшылықты, аппараттағы ағымдағы жоспарлауды жүзеге асырады. Депутаттардың, тұрақты комиссиялардың, мәслихат төрағасының, облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттар әкімдерінің, мәслихат аппаратының ұсыныстары, мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттары негізінде мәслихат жұмысының перспективалық (жылдық) жоспарының жобасын әзірлейді; оның орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Қостанай облыстық мәслихатының сессияларын (бұдан әрі – сессиялар) дайындау және өткізу жөніндегі жұмысты, сессияларды дайындауға тұрақты, уақытша комиссиялардың және депутаттардың қатысуын қамтамасыз етеді. Облыстық мәслихат сессияларының шешімдерін орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. «Депутат күнін», жария тыңдаулар өткізуді ұйымдастырады. Қостанай облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларына, мәслихаттағы саяси партиялардың депутаттық фракцияларына және депутаттық топтарға әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді. Облыстық сайлау комиссиясымен сайлау комиссияларын қалыптастыру, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселелері бойынша байланысты жүзеге асырады. Органның құзыретіне сәйкес мәслихат депутаттарының сайлауын дайындауға және өткізуге аппарат қызметкерлерінің қатысуын қамтамасыз етеді. Мәслихат депутаттарының семинарларын (оқуларын) өткізуді қамтамасыз етеді. Қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен байланысты жүзеге асырады. Баспасөзбен байланысты жүзеге асырады, мәслихат пен оның депутаттарының қызметін ақпараттық қамтамасыз ету жоспарларын әзірлейді. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарымен байланысты жүзеге асырады. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес мәслихаттың МОИРБП-дағы ақпараттық толықтырылуына бақылауды жүзеге асырады. Аппаратта кадр жұмысын ұйымдастырады. Мәслихат төрағасының өзге де тапсырмаларын орындайды. Мансап Еңбек қызметі: 2000 ж. – 04.2002 Ж. – Қостанай облысы бойынша «Арқалық» БКБ кеден бекетінің инспекторы; 2002 ж. – 10.2002 Ж. – Қостанай облысы бойынша «Арқалық» БКБ кеден бекетінің бас инспекторы; 2002 ж. – 10.2003 Ж. – Қостанай облысы бойынша «Ақбалшық» КБ кеден бекетінің бас инспекторы; 2003 ж. – 04.2004 ж. – ҚР ҚМ КҚК Қостанай облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің заң бөлімінің инспекторы; 2004 ж. -10.2005 ж. - ҚР ҚМ КҚК Қостанай облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің заң бөлімінің маманы; 2005 ж. -05.2007 ж. – ҚР ҚМ КҚК Қостанай облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің кадр жұмысы бөлімінің аға маманы; 2008 ж. - 01.2009 ж. - ҚР ҚМ КҚК Қостанай облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті заң бөлімінің аға маманы; 2009 ж. - 03.2009 ж. - ҚР ҚМ КҚК Қостанай облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті заң бөлімінің бас маманы; 2009 ж. - 07.2012 ж. - ҚР ҚМ КҚК Қостанай облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті заң бөлімінің аға маманы; 07.2012 ж. - 09.2012 ж. – ҚР ҚМ КҚК Қостанай облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімі бастығының м.а.; 2012 ж. - 07.2013 ж. –ҚР ҚМ КҚК Қостанай облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімі бастығының орынбасары; 2013 ж. – 01.2017 ж. – «Сарысай» ЖШС, заңгер; 2017 ж. - 05.2018 ж. – «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ ұйымдастыру-құқықтық, құжаттамалық қамтамасыз ету және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы; 2018 ж. - 08.2019 ж. – «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ бас инспекторы; 2019 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін – Қостанай облыстық мәслихаты аппаратының басшысы. Мемлекеттік наградалар, мере келік медальдар: «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» - 13.12.2019 ж. Қостанай облысы әкімінің грамотасы 08.2022 Қазақстан Республикасы Президентінің Грамотасы Телефон: +7 ( 7142 ) 575601 E-mail: [email protected]

    Әдеп жөніндегі уәкіл

    1

    Басқа қызметкерлер

    2
    Калдыбаева Светлана Нурлановна
    Аппарат басшысының орынбасары

    Калдыбаева Светлана Нурлановна

    Аппараты басшысының орынбасары

    «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ аппараты басшысы орынбасарының қызметтік міндеттері Мәслихат сессиясының қарауына енгізілетін шешімдер жобаларының, тұрақты комиссиялар қаулыларының және мәслихат төрағасы өкімдерінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік саясат шеңберінде мәслихат қызметінің жұмысын жоспарлауды қамтамасыз етеді. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерінің уақтылы қаралуын бақылауды жүзеге асырады. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерінің уақтылы қаралуын бақылауды жүзеге асырады. Қостанай облыстық мәслихатының сессияларын (бұдан әрі – сессиялар) дайындау жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді, оның ішінде: шақырылғандардың контингентін айқындайды, күн тәртібінің жобаларын, сессияны жүргізудің тәртібі мен форматын қалыптастырады, әзірлеуші атқарушы органдар ұсынатын шешімдер жобаларының заңдылығын, оларды ресімдеудің дұрыстығын тексереді, шешімдер жобаларының толық дайындығын ұйымдастырады. Мәслихаттың нормативтік құқықтық шешімдерін әзірлеуді және қабылдауды жүзеге асырады. Депутаттық сауалдар қалыптастырады және олардың орындалуын бақылайды. Сессия шешімдерін дайындауды және әділет органдарында тіркеуге жолдауды жүзеге асырады, сондай-ақ олардың ресми жариялануын қадағалайды. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары қаулыларының орындалуына мониторинг бойынша жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Мәслихат депутаттарына, мәслихаттың тұрақты және өзге де органдарына құқықтық көмек көрсетеді. Құқықтық мәселелерді қарау кезінде сотта және басқа да органдарда мәслихаттың мүдделерін белгіленген тәртіппен білдіреді. Сессиялардың нормативтік құқықтық шешімдерінің құқықтық мониторингі бойынша жұмысты ұйымдастырады, үйлестіреді және жүргізеді. Мәслихат шешімдерінің жобаларын дайындау бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды. Сессиялардың нормативтік құқықтық шешімдерінің тізілімін жүргізеді. Қостанай облыстық мәслихатының төрағасына баяндамалар, сөйлейтін сөз тезистерін дайындауды жүзеге асырады. Аппаратта іс жүргізуді және құжат айналымын, құжаттарды дайындауды және мемлекеттік архивке тапсыруды бақылауды жүзеге асырады. Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша уәкілетті тұлғаның міндеттерін орындайды: МОИРБП мемлекеттік органдарының интернет-ресурсының бірыңғай платформасында мәслихаттың ресми интернет-ресурсының жұмысын үйлестіреді; мемлекеттік органның ашық деректерінің өзектілігінің 100% үлесін қамтамасыз етеді; нормативтік құқықтық актілер мен бюджеттік бағдарламалар жобаларына келіп түскен барлық түсініктемелерге, сондай-ақ мемлекеттік органның бірінші басшысының блог-платформасы арқылы жіберілген сұрақтарға жауап беруді қамтамасыз етеді; мемлекеттік және орыс тілдерінде «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көзделген ақпаратпен мемлекеттік органның ИРБП 100% толтырылуын қамтамасыз етеді; жоспарланған интернет-конференциялардың, сауалнамалардың және онлайн-көрсетілімдердің уақтылы өткізілуін қамтамасыз етеді (әлеуметтік желілерде, бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялай отырып); облыстық мәслихаттың ресми интернет-ресурсында орналастыру үшін мәслихаттың нормативтік құқықтық шешімдерінің жобаларын ұсынуды қамтамасыз етеді. Азаматтарды қабылдауға қатысады, азаматтардың көтерген мәселелерін заңды түсіндіру мәселелерінде мәслихат төрағасына көмек көрсетеді. Қалалық, аудандық мәслихат депутаттары мен аппарат қызметкерлері үшін семинарлар өткізуге қатысады, оларға әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді. Әділет органдарына есептер дайындауды қамтамасыз етеді. Басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындайды.

    Қоғамдық кеңесДепутаттарТұрақты комиссиялар