Калдыбаева Светлана Нурлановна

    Аппараты басшысының орынбасары

    Калдыбаева Светлана Нурлановна
    Аппарат басшысының орынбасары

    Калдыбаева Светлана Нурлановна

    Аппараты басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ

    аппараты басшысы орынбасарының қызметтік міндеттері

    1. Мәслихат сессиясының қарауына енгізілетін шешімдер жобаларының, тұрақты комиссиялар қаулыларының және мәслихат төрағасы өкімдерінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.
    2. Мемлекеттік саясат шеңберінде мәслихат қызметінің жұмысын жоспарлауды қамтамасыз етеді.
    3. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерінің уақтылы қаралуын бақылауды жүзеге асырады.
    4. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерінің уақтылы қаралуын бақылауды жүзеге асырады.
    5. Қостанай облыстық мәслихатының сессияларын (бұдан әрі – сессиялар) дайындау жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді, оның ішінде: шақырылғандардың контингентін айқындайды, күн тәртібінің жобаларын, сессияны жүргізудің тәртібі мен форматын қалыптастырады, әзірлеуші атқарушы органдар ұсынатын шешімдер жобаларының заңдылығын, оларды ресімдеудің дұрыстығын тексереді, шешімдер жобаларының толық дайындығын ұйымдастырады.
    6. Мәслихаттың нормативтік құқықтық шешімдерін әзірлеуді және қабылдауды жүзеге асырады.
    7. Депутаттық сауалдар қалыптастырады және олардың орындалуын бақылайды.
    8. Сессия шешімдерін дайындауды және әділет органдарында тіркеуге жолдауды жүзеге асырады, сондай-ақ олардың ресми жариялануын қадағалайды.
    9. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары қаулыларының орындалуына мониторинг бойынша жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
    10. Мәслихат депутаттарына, мәслихаттың тұрақты және өзге де органдарына құқықтық көмек көрсетеді.
    11. Құқықтық мәселелерді қарау кезінде сотта және басқа да органдарда мәслихаттың мүдделерін белгіленген тәртіппен білдіреді.
    12. Сессиялардың нормативтік құқықтық шешімдерінің құқықтық мониторингі бойынша жұмысты ұйымдастырады, үйлестіреді және жүргізеді.
    13. Мәслихат шешімдерінің жобаларын дайындау бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды.
    14. Сессиялардың нормативтік құқықтық шешімдерінің тізілімін жүргізеді.
    15. Қостанай облыстық мәслихатының төрағасына баяндамалар, сөйлейтін сөз тезистерін дайындауды жүзеге асырады.
    16. Аппаратта іс жүргізуді және құжат айналымын, құжаттарды дайындауды және мемлекеттік архивке тапсыруды бақылауды жүзеге асырады.
    17. Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша уәкілетті тұлғаның міндеттерін орындайды:

    МОИРБП мемлекеттік органдарының интернет-ресурсының бірыңғай платформасында мәслихаттың ресми интернет-ресурсының жұмысын үйлестіреді;

    мемлекеттік органның ашық деректерінің өзектілігінің 100% үлесін қамтамасыз етеді;

    нормативтік құқықтық актілер мен бюджеттік бағдарламалар жобаларына келіп түскен барлық түсініктемелерге, сондай-ақ мемлекеттік органның бірінші басшысының блог-платформасы арқылы жіберілген сұрақтарға жауап беруді қамтамасыз етеді;

    мемлекеттік және орыс тілдерінде «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көзделген ақпаратпен мемлекеттік органның ИРБП 100% толтырылуын қамтамасыз етеді;

    жоспарланған интернет-конференциялардың, сауалнамалардың және онлайн-көрсетілімдердің уақтылы өткізілуін қамтамасыз етеді (әлеуметтік желілерде, бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялай отырып);

    облыстық мәслихаттың ресми интернет-ресурсында орналастыру үшін мәслихаттың нормативтік құқықтық шешімдерінің жобаларын ұсынуды қамтамасыз етеді.

    1. Азаматтарды қабылдауға қатысады, азаматтардың көтерген мәселелерін заңды түсіндіру мәселелерінде мәслихат төрағасына көмек көрсетеді.
    2. Қалалық, аудандық мәслихат депутаттары мен аппарат қызметкерлері үшін семинарлар өткізуге қатысады, оларға әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді.
    3. Әділет органдарына есептер дайындауды қамтамасыз етеді.
    4. Басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындайды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері