
Ещанов Сайлаубек Ергазиевич
Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы
Өмірбаян
Ещанов Сайлаубек Ерғазыұлы
Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы
Жалпы ақпарат, білімі
Ещанов Сайлаубек Ерғазыұлы, 1958 жылы 16 наурызда Қостанай облысы Науырзым ауданы Дәмді ауылында дүниеге келген.
1976 жылы Дәмді орта мектебін бітіріп, Қостанай педагогикалық институтының физика-техникалық факультетіне түсіп, 1981 жылы бітірді.
Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.
«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан қаржысы полициясына 20 жыл» медальдарымен, «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен, «Доблести» медалі орденімен, «Ауғанстандағы жауынгерлік іс-қимылдардың аяқталғанына 25 жыл толуына орай» медалімен, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалімен, «Қатысушылар мен мүгедектердің, еңбек ардагерлерінің «Ата» медалімен, «Қазақстан қаржы полициясына 20 жыл» медалімен марапатталған.
Карьерасы
1981-1992 жылдары Дәмді, Мичурин, Докучаев орта мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеді. 1992-1993 жылдары Науырзым аудандық білім бөлімінің еңбек инспекторы. 1993-1994 жылдары Науырзым коммуналдық кәсіпорындар комбинатының инженер-экспедиторы. 1994-1999 жылдары «Биотехнология» фирмасының менеджері. 1999 жылғы шілдеден 2001 жылғы қаңтарға дейін – ҚР Бас прокуратурасының «Ақпарат» РМК БПД директоры.
2001 жылғы 25 қаңтардан бастап «Сос новый бор» шипажайы» ААҚ бас директоры болып тағайындалды. 2003 жылдан 2012 жылға дейін – «Сос новый бор» шипажайы» ЖШС Бас директоры.
Қостанай облыстық мәслихатының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші шақырылымдарының депутаты болып табылады. 2012 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы.

