«Қособа ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық - құқықтық және материалдық-техникалық саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешеді.
«Қособа ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
«Қособа ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбасы, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Славен ауылында "Таза Қазақстан" республикалық акциясы ауылдың жолдары мен аумақтарын құрғақ Өсімдіктерден және құлаған жапырақтардан тазарту бойынша көктемгі абаттандыру жұмыстары аясында өтуде. Қатысушылар қажетті құрал - жабдықтармен-сыпырғыштармен, тырмамен қаруланып, қоғамдық аймақтарда тәртіп орнатуға кірісті.
Жалпыұлттық «Таза Қазақстан» акциясы аясында Қособа ауылдық округіне қарасты Қособа ауылында қардан тазалау жұмыстары жүргізілді. Бұл шара тұрғындардың қыс мезгілінде қауіпсіздігі мен жайлы жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған.
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Қособа ауылдық округінде, Славен ауылында көшелерді қардан тазалау жұмыстары жүргізілді. Іс-шара қысқы кезеңде тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлы жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған.
Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында Қособа ауылдық округіне қарасты Октябрь ауылы көшелер қардан тазартылды. Аталған жұмыстар қыс мезгілінде тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлы жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған.
Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады
2026 жылғы 2 желтоқсанда «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) барша ниет білдірушілерді «Ашық есік күні» дәстүрлі онлайн-кездесуіне шақырады. «Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол» тақырыбындағы кездесуде Қор мамандары зейнетақы заңнамасындағы өзекті өзгерістер, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын басқару және пайдалану мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат береді. Қазақстанның зейнетақы жүйесі дамып, заңнама жетілдірілген сайын азаматтардың өз зейнетақы жинақтарын басқару мәселелеріне белсенді қатысуына мүмкіндік беретін тетіктер де кеңейіп келеді. Бүгінде салымшылар өз жинақтарын толық немесе ішінара жеке инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) сенімгерлік басқаруына бере алады. Сондай-ақ қаржылық мақсаттарына, инвестициялау мерзіміне және тәуекелге дайындығына қарай өздеріне қолайлы инвестициялық портфельді таңдауына, белгіленген талаптарды сақтай отырып, сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасуына, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдалануына болады. Азаматтардың өз зейнетақы құқықтары мен мүмкіндіктерін жақсы түсініп, зейнетақы жинақтарын басқарудың түрлі құралдарының ерекшеліктерінен хабардар болуы және саналы шешім қабылдауы маңызды. Осы мақсатта БЖЗҚ сіздерді «Ашық есік күніне» қатысуға шақырады. Кездесу барысында Қор мамандары қажетті ақпарат беріп, қолданыстағы тәртіптерді түсіндіреді және қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап береді. Кездесу барысында сіздер: зейнетақы заңнамасына азаматтардың зейнетақы активтерін басқаруға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге байланысты қандай өзгерістер енгізілгенін; салымшылардың зейнетақы жинақтарын басқару үшін қандай құралдарды пайдалана алатынын; басқарушы компания мен инвестициялық портфельді қалай таңдау керектігін, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру тәртібін; басқарушы компанияны таңдау кезінде өз бетінше талдау жүргізу үшін салымшыларға қандай ақпарат қолжетімді екенін; зейнетақы активтерін қорғау үшін қандай тетіктер қарастырылғанын; зейнетақы аннуитеті дегеніміз не, оны кімдер және қандай жағдайларда рәсімдей алатынын; тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу үшін зейнетақы жинақтарын қандай талаптар мен шарттар негізінде пайдалануға болатынын біле аласыздар. Іс-шара онлайн форматта өтеді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Қор мамандарынан қажетті түсіндірмелер мен жеке кеңес ала алады. Мұндай форматтың басты артықшылығы – әлемнің кез келген нүктесінен онлайн қосылып, өзекті ақпаратты тікелей мамандардан алу мүмкіндігі. Айта кетейік, БЖЗҚ Қазақстан халқының қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөледі. Биылғы 9 айда ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 44,6 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оларға 880,1 мың адам қатысты. Кезекті «Ашық есік күні» – осы бағыттағы жүйелі жұмыстың жалғасы. Бұл іс-шара салымшылар үшін де, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты тақырыптарды ақпараттық кеңістікте жариялап жүрген журналистер үшін де пайдалы болады деп сенеміз. Іс-шараға қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет. Белгіленген уақытта төмендегі сілтеме арқылы онлайн-кездесуге қосылуларыңызды сұраймыз:(https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m7452509ba396af60869c483862ba12b4) Event-кеңес нөмірі:2513 885 6956 Event-кеңестің құпиясөзі:1234 БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында).
Жарияланды:
Ақпарат
Алаяқтардан қалай сақтанып, зейнетақы жинақтарын қорғауға және дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады? БЖЗҚ қызметтері тегін бе?
11. Алаяқтар қандай негізгі айла-тәсілдерді қолдануы мүмкін? «Қайта есептеу», «жарналардың түспеуі», «сізге тиесілі төлем» және электрондық кезекті брондау туралы қоңыраулар мен хабарламалар Алаяқтар өздерін БЖЗҚ қызметкерлері ретінде таныстырып, телефон соғады немесе мессенджерлер арқылы хабарлама жібереді. Олар салымшының шотына зейнетақы жарналары түспей жатқанын немесе керісінше, азаматқа жаңа зейнетақы төлемі не қосымша үстемеақы тағайындалғанын, қайта есептеу жүргізілгенін айтып,сендіруге тырысады. Жарналардың аударылмау себептерін анықтау немесе төлемді рәсімдеу сылтауымен жалған қызметкерлер жеке деректеріңізбен бөлісіп,бөлімшелергеэлектрондық кезек брондау үшін SMS-хабарлама арқылы келген кодты айтуды сұрайды. Шоттардың бұғатталғаны туралы жалған ақпарат Алаяқтар компаниялардың қызметкерлеріне немесе бухгалтерлеріне хабарласып, зейнетақы шотының бұғатталғанын (мысалы, транзиттік шоттарға тыйым салынуына байланысты) мәлімдеуі мүмкін. Содан кейін жәбірленушіні «сот орындаушыларына» бағыттап, жоқ шектеулерді алып тастау үшін айыппұл ретінде ақша аударуды талап етеді. Зейнетақы жинақтарын сыйақы үшін қолма-қол ақшаға айналдыру туралы ұсыныстар Делдалдар тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделу мақсатында, сондай-ақ жинақтарды инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) аудару желеуімен зейнетақы жинақтарының бір бөлігін шығарып беруді ұсынады. Бұл ретте олар көрсететін қызметтері үшін алдын ала төлем жасауды және/немесе банк шотының деректемелерін беруді сұрауы мүмкін. Жасанды интеллект технологияларын пайдалану Алаяқтар жасанды интеллект технологияларын да қолданады. Мысалы, жалған сайттар жасайды, адамның дауысын қолдан жасап, жалған аудио және бейнематериалдар әзірлейді. 2. Дербес деректер мен зейнетақы жинақтарын алаяқтардан қалай қорғауға болады? БЖЗҚ қызметкерлері ешқашан телефон арқылы жеке деректерді сұрамайтынын, SMS-кодтарды немесе парольдерді айтуды, сондай-ақ қандай да бір шотқа ақша аударуды талап етпейтінін есте ұстаған жөн. Зейнетақы жинақтарын тек заңнамада көзделген жағдайларда ғана алуға болады. Бұл ретте ешқандай делдалдың көмегіне жүгінудің қажеті жоқ. Кез келген ақпаратты тек БЖЗҚ-ның enpf.kz ресми сайты немесе Қордың ресми байланыс арналары арқылы тексеру қажет. Алаяқтық белгілері байқалған жағдайда әңгімені дереу тоқтатып, полицияға хабарласқан жөн. Сондай-ақ Қор қызметкерлері зейнетақы жинақтарын аударуға, инвестициялауға, қандай да бір акциялар мен қаржы құралдарын сатып алуға шақыратын түрлі бейнероликтерге қатыспайтынын ескерген жөн. 3. БЖЗҚ қызмет көрсеткені үшін ақы ала ма? БЖЗҚ ескертеді: ·Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу делдалсыз және комиссиясыз жүзеге асырылады. ·Қорқызмет көрсеткені үшін ақы алмайды,барлық төлемдер заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 4. Әлеуметтік желілердегі зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға аудару, түрлі облигациялар мен акцияларға инвестициялау, қаржылық операциялар жүргізу немесе ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын соманы шешіп алу бойынша делдалдық қызметтер туралы хабарландыруларға сенуге бола ма? Зейнетақы активтерін әдепкі тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі инвестициялық басқаруға алады. Ол зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқарушы ретінде Инвестициялық декларацияға сәйкес түрлі қаржы құралдарына инвестициялайды. Ұлттық Банктен бөлек, салымшының таңдауы бойынша зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) да басқара алады.Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға аударуды салымшы тек өз қалауымен enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасында электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып жүзеге асыра алады. Зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу мақсатында пайдалану тек уәкілетті операторлар (екінші деңгейдегі банктер) арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан бұл үшін де делдалдардың көмегіне жүгінудің қажеті жоқ. 5. Делдалдар «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына балалар туралы мәліметтерді енгізуге немесе осы бағдарлама аясындағы нысаналы жинақтарды алу бойынша көмектерін ұсынады. Олардың қызметіне жүгінген дұрыс па, бағдарламаға қатысу үшін ақы төлеу қажет пе? Балаларға нысаналы талаптарды есептеу үшін олар туралы мәліметтерді мемлекеттік дерекқорға енгізу ақылы емес. Бұл мәселеде делдалдардың көмегіне жүгінудің мүлде қажеті жоқ. Ата-аналар немесе баланың заңды өкілдері балалар туралы мәліметтердің бар-жоғын, сондай-ақ тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН-і мен туған күні туралы деректердің дұрыстығын өз бетінше тексере алады. Егер мәліметтер жоқ болса немесе қателер анықталса, ата-аналар цифрлық құжаттарын жаңартуы, мемлекеттік дерекқорлардағы мәліметтердің дұрыстығын тексеруі немесе тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) жүгінуі қажет. Сондай-ақ, 18 жасқа толған азаматтарға нысаналы жинақтарын алу үшін делдалдардың көмегі қажет емес. Олар білім алуға ақы төлеу немесе тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында уәкілетті оператор банктер арқылы өтінімді өз бетінше бере алады. Нысаналы жинақтарды алу рәсімі тегін. Бұл үшін делдалдардың қызметіне жүгінудің қажеті жоқ. Қосымша ақпарат пен өзіңізді қызықтырған сұрақтарға жауаптыkids.enpf.kzсайтынан немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасынан таба аласыздар.
Жарияланды:
Ақпарат
Соңғы 12 ай ішінде отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 2,60 трлн теңгеге артты
Қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-дағы (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақтарының көлемі 2026 жылдың 1 қазанына 28,30 трлн теңгегежетті. 12 айдағы өсім – 2,60 трлн теңгенемесе 10,0%. Негізгі бөлігі міндетті зейнетақы жарналарынан (МЗЖ) қалыптасқан қаражаттан тұрады, олардың көлемі – 26,13 трлн теңге,12 айда 1,73 трлн теңгеге немесе 7,1% өсті. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары 732,80 млрд теңгеболды. Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақ көлемі де ұлғайды: 2026 жылғы 1 қазанға оның көлемі 10,35 млрд теңге болып, 12 айда 6,4% өсім көрсетті. Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 12 ай ішінде 2,4 есеге ұлғайып, 2026 жылдың 1 қазанына 1 429,89млрд теңгеболды. Түсімдер Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2026 жылдың 9 айында салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 2 738,10млрд теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 15,7%-ға (немесе 371,90 млрд теңгеге) артық. МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2026 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 1 қазанға дейін 2 091,42 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 7,9%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 113,50 млрд теңге (өсім – 12,7%), ЕЗЖ – 1,62 млрд теңге түсті. Жыл басынан бастап 01.10.2026ж. жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен жарналар 531,55 млрд теңгені құрады. Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына түскен таза инвестициялық кіріс 01.10.2026ж. жағдай бойынша 882,28 млрд теңгені құрады. Төлемдер мен аударымдар 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 1402,37млрд теңгеніқұрады. Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 223,61 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 39 028 теңге. 2026 жылдың басынан бастап 01.10.2026 жылға тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) 490,04 млрд теңге, мұрагерлік бойынша 77,26 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 37,30 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 2,62 млрд теңге, жерлеуге – 7,14 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 564,40 млрд теңге аударылды. ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 19,11 млн бірлік (12 айдағы өсім – 1,14 млн бірлік немесе 6,3%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 қазанында 12,90 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,44 млн - МЗЖ бойынша, 798,39 мыңы - МКЗЖ бойынша, 466,12 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар. Айта кетейік, МЗЖ есебі жүргізілетін шоттардың жалпы санына (11,44 млн бірлік) елден тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинақтарын алу үшін жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарын мұраға ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2016 жылдан бастап зейнетақымен мемлекеттік қамсыздандырылуға толық ауыстырылған әскери қызметшілердің және шоттарына Қазақстан заңнамасына сәйкес жарналар түспеуі тиіс салымшылардың (алушылардың) басқа да санаттарының шоттары кіреді. БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - 6,21 млнбірлік. Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында).
Жарияланды:
Ақпарат
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасу қажеттілігі туралы
Келісімнің қабылдану тарихы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 20 желтоқсанда қабылданған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) күшіне енді. Оған сәйкес, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары Одақ елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде зейнетақы құқықтарын жұмысқа орналасқан елдің азаматтарымен тең дәрежеде қалыптастырады, сақтайды және іске асырады. ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет еңбекшінің 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін өз аумағында жинақтаған еңбек өтілі үшін ұлттық заңнамасына сәйкес зейнетақы тағайындайды. Еске сала кетейік, қазіргі уақытта ЕАЭО құрамына бес мемлекет кіреді: Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы. Еңбек шартын жасасудың қажеттілігі туралы ЕАЭО елдерінің аумағында жұмыс күшінің еркін қозғалысы–Одақтың негізгі артықшылықтарының бірі. Оған мүше мемлекеттердің азаматтары басқа ЕАЭО елдерінің аумағында еңбек қызметін жұмыс істеуге рұқсат немесе патент алмай-ақ жүзеге асыра алады. Сонымен қатар, өзге мүше мемлекетте жұмыс істейтін ЕАЭО азаматы жұмысқа орналасқан елдің азаматтарымен бірдей еңбек кепілдіктерін пайдалануға құқылы. Алайда жұмыс істеу үшін арнайы рұқсат құжаттарын рәсімдеу талап етілмегенімен, бұл еңбек қатынастарын тиісті түрде ресімдемеуге болады дегенді білдірмейді. Азаматтың өз құқықтарын толық іске асыруы үшін еңбек қатынастарын растайтын құжаттары болуы шарт. Мұндай негізгі құжаттарға жұмыс берушімен жасалған еңбек шарты немесе қызмет көрсету туралы азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жатады. Ауызша келісімдер жұмыскердің құқықтарын жеткілікті деңгейде қорғай алмайды. Мәселен, жұмыс беруші еңбек жағдайларын өзгертіп, жалақы төлеуді кешіктіруі немесе азаматтың еңбек шарты негізінде жұмыс істемей, тек бір реттік тапсырмаларды орындаумен шектелгенін алға тартуы мүмкін. Ал жазбаша жасалған шарт жұмыс берушінің кім екенін, азаматтың қандай жұмыс атқарғанын, оған қанша мөлшерде ақы төленуге тиіс болғанын және тараптардың өздеріне қандай міндеттемелер алғанын нақты айқындауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ресми түрде жұмысқа қабылданған қызметкерлер үшін жұмыс берушілер жұмысқа орналасқан мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сол елдің зейнетақы жүйесіне зейнетақы (сақтандыру) жарналарын аударуға міндетті болады. Бұл ретте жұмыскерге еңбек қатынастарын ресімдеу тәртібін алдын ала нақтылап алған жөн. Өйткені әр елде шарт жасасу қағидалары, оның нысаны және мемлекеттік органдарды хабардар ету тәртібі әртүрлі болуы мүмкін. Келісімнің Қазақстанда іске асырылуы Қазақстан Республикасында Келісім Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) қалыптастырылған зейнетақы жарналары есебінен зейнеткерлік жасқа толуы немесе бірінші және екінші топтағы мүгедектігі мерзімсіз белгіленуіне байланысты берілетін зейнетақы төлемдеріне қолданылады. Егер Қазақстан Республикасының азаматы Келісім күшіне енгеннен кейін ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағында белгілі бір уақыт (мысалы, 3-5 жыл) еңбек қызметін жүзеге асырса, сол елдің зейнетақы заңнамасында көзделген талаптарға (зейнеткерлік жасқа толу, қажетті еңбек өтілінің болуы) сәйкес зейнетақы алу құқығы туындаған кезде, оған аталған мемлекетте жинақтаған еңбек өтілі үшін сол ел зейнетақы тағайындайды. Бұл ретте Қазақстан Республикасының азаматы зейнетақы тағайындау және төлеу үшін қажетті құжаттарымен бірге өтінішті ЕАЭО-ға мүше тиісті мемлекеттің құзыретті органына немесе Қазақстан Республикасындағы құзыретті орган ретінде БЖЗҚ-ға беруге құқылы. Еңбекшіге зейнетақы тағайындау және төлеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекеттің ұлттық заңнамасымен реттеледі. Құзыретті органдар Қазақстан Республикасында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер еңбекшілерінің еңбек өтілін растау жөніндегі құзыретті органдар қатарына «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ), Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері жатады. БЖЗҚ цифрлық жүйедегі міндетті зейнетақы жарналарының төленуі туралы деректер негізінде 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек өтілі жөніндегі мәліметтерді ұсынады. Сонымен қатар, БЖЗҚ Келісім шеңберінде төмендегідей функцияларды жүзеге асырады: еңбекшілерге зейнетақы тағайындау және төлеу үшін құжаттарды қабылдау; құжаттарды қарау және зейнетақы тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдау; ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің құзыретті органдары тағайындаған зейнетақы төлемдерін жеткізуді қамтамасыз ету. Толық ақпаратпен enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» бөлімінде танысуға болады. 1998 жылға дейінгі еңбек өтілін растау үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне жүгіну қажет. Келісімнің іске асырылуы бойынша сандық көрсеткіштер Келісім қолданыста болған кезеңде (01.01.2021ж. бастап 30.09.2026ж. дейін): БЖЗҚ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 378 азаматына зейнетақы төлемдерін тағайындады. Оның ішінде: ЕАЭО-ға мүше мемлекет Төлем түрі Алушылар (еңбекшілер) саны Армения Республикасы Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты 11 Беларусь Республикасы Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты 22 Мұрагерлерге берілетін біржолғы төлем 4 ҚырғызРеспубликасы Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты 4 Мұрагерлерге берілетін біржолғы төлем 5 Ресей Федерациясы Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты 306 Мұрагерлерге берілетін біржолғы төлем 26 ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің құзыретті органдары Қазақстанның 39 азаматына сақтандыру зейнетақыларын тағайындады. Оның ішінде: ЕАЭО-ға мүше мемлекет Зейнетақы түрі Алушылар (еңбекшілер) саны Қырғыз Республикасы Жасына байланысты 3 Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 3 Ресей Федерациясы Қарттық бойынша 31 Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 1 Мүгедектігі бойынша 1 Осылайша, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары жұмысқа орналасқан елдің азаматтарымен тең дәрежеде өздерінің зейнетақы құқықтарын қалыптастырып, іске асыра алады. Бұл – Келісімнің негізгі мақсаттарының бірі. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында).
Жарияланды:
Ақпарат
2026 жылғы 1 қазанға Қарабалық ауданында халықты жұмыспен қамту жөніндегі іс-шараларды орындау бойынша ақпарат
Халықты жұмыспен қамту жөніндегі іс-шараларды орындау бойынша ақпаратмынадай мемлекеттік қолдау шараларын қамтиды: Кәсіптік оқыту Кәсіптік оқыту – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінде көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары шеңберінде жаңа мамандықтар (кәсіптер) алу мақсатында кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтитын білім беру қызметіне құқығы бар білім беру ұйымдарында не жұмыс берушілер ұйымдарының жанындағы оқу орталықтарында оқыту; Мансап орталығы әлеуметтік кәсіптік бағдарлау нәтижелері бойынша оқуға үміткерлердің тізімін қалыптастырады және жұмыс берушіге электрондық пошта арқылы келісуге жібереді. Оқу ұзақтығы 6 айдан аспайды. Жұмыс берушілердің сұрауы бойынша оқу ұйымдарында жұмыссыздарды кәсіптік оқыту Сұрау салу бойынша жұмыссыздарды оқу ұйымдарында кәсіптік оқыту жұмыс берушілер жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды тұрақты жүргізетін, жалақысы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам жұмыс істейтін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі. Оқытуды өткізу үшін Біліктіліктер мен дағдылар тізбесі жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде қалыптастырылады. 2026 жылда кәсіптікоқытумен жоспар бойынша 9 адам қамтылады. Наурыз айында 10 адам: «газ электр дәнекерлеуші» мамандығы бойынша - 2 адам, «аспаз» мамандығы бойынша – 1 адам, «ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшысы-машинисі» мамандығы бойынша – 7 адам, курстар Аулиеколь ауыл шаруашылығы колледжі базасында ұйымдастырылған. Оқуды аяқтап 10 адам жұмысқа орналастырылды. Шалғайдағы ауылдық елді мекендердің тұрғындарын кәсіптік оқытуды ұйымдастыру тәртібі Білім беру ұйымдары шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын жұмыссыздарды (мансап орталықтарында тіркелуіне қарамастан) кәсіптік оқытуды өткізу үшін мобильді оқу орталығын құрады. Мансап орталығы ӨКП-мен бірлесіп тиісті өңірдің еңбек нарығында талап етілетін кәсіптер мен дағдылардың тізбесін айқындайды Бұл ретте, кәсіптер мен дағдылар бойынша орындарды бөлуді карьерлік орталықтың ұсынуы бойынша аудандық комиссия айқындайды. Кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін мансап орталығы жұмыссызға жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі. Жобаға қатысушы оқуға ақы төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, стипендиямен, жол жүруге, тұруға және медициналық тексеруден өтуге материалдық көмекпен қамтамасыз етіледі. Стипендия.Бағдарламаға қатысушылар стипендиясының мөлшері техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын студенттер үшін заңнамада белгіленген стипендия мөлшеріне тең (2026 жылы стипендия мөлшері = 43574 теңге). Материалдық көмек: - оқу орнына дейін және кері қарай жол жүруге барлық оқу кезеңінде 4 АЕК мөлшерінде (2026 жылы-17300 теңге) ; - тұруға ай сайын 10 АЕК мөлшерінде (2026 жылы-43250 теңге)жұмыссыздар тұрақты тұратын елді мекендерден тыс орналасқан білім беру ұйымдарында; - медициналық тексеруден өтуге оқудың барлық кезеңінде 2 АЕК мөлшерінде (2025 жылы – 8650 теңге). Оқу аяқталғаннан кейін жұмыс беруші жұмыссызды алған мамандығы (кәсібі) бойынша кемінде 6 ай мерзімге тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастыруға міндеттенеді. Жұмыс берушінің жұмыс орнында жұмыссыздарды кәсіптік оқыту Жұмыссыздарды жұмыс орнында жұмыс берушілерде Кәсіптік оқыту (бұдан әрі – оқыту) кәсіпорындар мен ұйымдарда олар мынадай талаптарға сәйкес келген жағдайда ұйымдастырылады: 1) Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жұмыс істеп тұрған заңды тұлға немесе дара кәсіпкер мәртебесінің болуы; 2) қызметті бір жылдан астам жүзеге асыру; 3) салықтар, жарналар мен аударымдар бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы; 4) материалдық-техникалық базасының болуы; 5) кәсіби практикалық тәжірибесі бар білікті қызметкерлердің болуы; өндірістегі жұмыс тәжірибесі кемінде бір жыл; 6) жұмысшы кадрларды даярлаудың жеке бағдарламасының болуы біліктілікке; 7) оқудан өткен адамдарды жұмысқа орналастыру деңгейі (өтінім берген сәтте) кем дегенде 60% құрайды. Жұмыс беруші Оқытуды ұйымдастыру үшін мансап орталығына өтінім береді. Оқу аяқталғаннан кейін жұмыс беруші жұмыссыздардың кәсіптік даярлығын бағалау бойынша біліктілік емтиханын өткізеді. Жұмыссыз оқуды сәтті аяқтағаннан кейін жұмыс беруші Әлеуметтік келісімшарттың негізінде оны 10 (он) жұмыс күні ішінде тұрақты жұмыс орнына кемінде 12 (он екі) мерзімге жұмысқа орналастырады. Мансап орталығы ай сайын орындалған жұмыстар актісі негізінде, жұмыс беруші ұсынған оқу ақысын есеп айырысу шотына аударады жұмыс берушінің шоты. Оқу кезеңінде жұмыссыздардың жалақысын еңбекұтқырлығыорталығы төлейді. Айына жалақы мөлшері салықтарды есепке алғанда 20 АЕК-ті құрайды, әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек ақыға өтемақыны экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, демалыс және банк қызметтері (2026 ж. - 86500 теңге). 2026 жылда бұл түріоқытумен жоспар бойынша «LUX сұлулық студиясы» ЖК, 4 адам қамтылды жоспар бойынша 5: 2 – маникюр және педикюр шебері, 2 – кірпік ұзарту шебері. Оқуды аяқтап 4 адам жұмысқа орналастырылды. 1 адам оқуын жалғастырады. Сұранысқа ие кәсіптер тізбесі бойынша Электрондық еңбек биржасында кәсіптік оқытуды ұйымдастыру тәртібі Электрондық еңбек биржасында кәсіптік оқыту білім алушылардың белгілі бір жұмыс түрін орындау үшін қажетті жаңа дағдыларды жеделдетіп игеруіне бағытталған. Кәсіптік оқыту мансап орталықтарында немесе Электрондық еңбек биржасы арқылы тіркелгендер қатарындағы жұмыссыздар үшін жүзеге асырылады. Оқытуды ұйымдастыру үшін skills.enbek.kz онлайн режимде кәсіптік оқыту платформасыжұмыс істейді. Оқыту оқу материалдарын өз бетінше игеру жолымен жеке тәртіппен жүргізіледі. Оқытумен бұл түрімен 124 адам қамтылды жоспар бойынша 73 немесе 169,9%. Кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға жәрдемдесу: «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту кәсіпкерлік негіздеріне оқыту болып табылатын тұлғалар өтеді 1)жұмыссыздар; 2)Кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген қысқартылатынжұмыскерлер; 3)дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмей кіріс алу мақсатында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру (өткізу) жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын адамдар және (немесе) әрекетсіз дара кәсіпкерлер; 4)отбасылық кәсiпкерлiкте еңбекақы төленбейтін қызметті дербес жүзеге асыратын адамдар; 5)жеке қосалқы шаруашылықта сату (айырбастау) үшін өнім өндіру жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейiнен аз адамдар; 6)табысы ең төменгі күнкөріс деңгейiнен аз өндірістік кооператив мүшелері; 7)ісін жаңадан бастаған және/немесе жұмыс істеп жүрген дара кәсіпкерлер болыптабылатын адамдар кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өтеді. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту үшін оқытуға қатысушылар порталда тіркеледі business.enbek.kz. Осы порталда санаттарға сәйкестігін тексергеннен кейін оқытуға қатысушы тұлғаларға автоматты режимде skills.enbek.kzплатформада «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздерін оқыту» онлайн курсына қолжетімділік беріледі Онлайн оқыту процесінің жалпы ұзақтығы оқу курсы басталған сәттен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күннен аспайды. 2026 жылы осы бағыт бойынша оқытумен 123 адам қамталды жоспар бойынша 80 адам немесе 153,8%. Мемлекеттік гранттар Гранттар атаулы әлеуметтік көмек, көп балалы жәрдемақы және (немесе) оның жұбайы (зайыбы), асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар, қоныс аударушылар, қандастар, еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған адамдар жататын халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі және (немесе) оның жұбайы (зайыбы). Гранттар жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде грант беруге өтініш берілгенге дейін тіркелген, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан кем болған жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі. Гранттар бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлап отырған ұлттық жобаға қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде айлық есептік көрсеткіштің 400 еселенген мөлшеріне дейін (2026 жылы -1 млн. 730 мың теңге) беріледі. Грант қаражаты қажетті мүкәммалды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құсты, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу, Коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерінің, сондай-ақ сауда объектілерінің, оның ішінде құқығындағы объектілердің аумағында ұлттық жобаға қатысушының бастапқы бизнесін іске асыруға үй-жайларды жалға алу үшін ақы төлеу үшін нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға беріледі жалдау, пайдалану, сенімгерлік басқару. Бұл ретте, мүкәммал, еңбек құралдары, Технологиялық жабдықтар, Жануарлар, мал, құстар, көшеттер, бұталар, тұқымдар, көшеттер сатып алынбайды, сондай-ақ бастапқы бизнесті іске асыруға арналған үй-жайлар жұбайынан (зайыбынан), жақын туыстарынан жалға алынбайды. Гранттар тұтыну мақсаттарына, кредиттік қарыздарды өтеуге, тұрғын үй жылжымайтын мүлігін сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнім өндіруге берілмейді. Грант алушы грант алған күннен бастап 12 ай ішінде бизнесті кеңейтуге бағытталған шараларды қоспағанда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатыспайды. Гранттар бір рет беріледі. 2026 жылы жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған 7 гранттар беру үшін 12 млн. 110 мың теңге бөлінді. Мал шаруашылығын, халыққа қызмет көрсету дамыту үшін 3 грант берілді, 5 млн. 190 мың теңге игерілді. Жастар арасынан шағын несиелеу Жастар қатарындағы үміткерлерге микрокредиттер мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз ету, нысаналы пайдалану қағидаттарын сақтай отырып мынадай шарттарда беріледі: 1) микрокредит мерзімі-5 (бес) жылға дейін, саладағы жобалар үшін микрокредит мерзімі мал шаруашылығы-7 (жеті) жылға дейін; 2) микрокредиттің ең жоғары сомасы - 5 (бес) миллион теңгеге дейін; 3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 2,5 (екі жарым) пайыздан аспайды; 4) кепілмен қамтамасыз етудің болуы; 5) негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең артық емес Микрокредиттеу мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бір бөлігі); 6) микрокредит алу үшін сенім білдірілген өкілге (агентке) жүгінген кезде дара кәсіпкер ретінде тіркеудің болуы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында бес жылдан кем уақытты құрайды. Микрокредит беру үшін үміткердің жасы құжаттарды тапсыру сәтінде ескеріледі. Микрокредит беруге үміткерлер ұсынған Бизнес жобалар бизнес-жобаларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның қарауына шығарылады Бизнес-жобаларды іріктеу критерийі бизнес-жобаның өзектілігі, негізділігі, экономикалық негізділігі, қоғамдық маңызы, іс-қимыл жоспары және өміршеңдігі болып табылады. Бизнес-жобаларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы бюджет қаражаты болған кезде айына кемінде бір рет өткізіледі. Субсидияланатын жұмыс орындары Субсидияланатын жұмыс орындарына жұмыссыз, сондай-ақ оқудан бос уақытта жұмысқа қатысатын студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларын денсаулығына зиян келтірмей және оқу процесін бұзбай жұмысқа тұру құқығы бар. Қатысуға тұрақты түрде жұмыс істейтін жұмыс берушілер жіберіледі мерзімі өткен жоқ Салық және басқа да әлеуметтік аударымдар жалақы бойынша берешек және бір жылдан астам қолданыстағы берешек. Қоғамдық жұмыс орындары-жұмыскерлердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыттағы еңбек қызметінің түрлері Қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдардың жалақы мөлшері, 24 (жиырма төрт) айлық есептік көрсеткіштен салықтар, міндетті әлеуметтік аударымдар және экологиялық төлемдер бойынша төлемдерді есепке алмағанда, пайдаланылмаған еңбек демалысы үстемелер. Қостанай обласында еңбек ақы мөлшері 24 АЕКжалақы белгіленген немесе 103 мың 800 теңге. Ағымдағы жылдың басынан бастап қоғамдық жұмыстарға ауданның 53 жұмыссыз азаматы жоспарланған 57 адамның орнына жолданды. Жастар практикасыбілім беру ұйымдарының түлектері үшін алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатында ұйымдастырылады. Қатысушылар: өткен 5 жыл ішінде оқуын аяқтаған және 35 жастан аспаған алған кәсібі (мамандығы) бойынша білім беру ұйымдары түлектерінің қатарындағы жұмыссыздар Осы бағдарлама бойынша жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысы 30 АЕК (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банк қызметтерін ескере отырып) құрайды (2026 жылы - 129750 теңге). Қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды. Қарабалық ауданында жастар практикасынан өту үшін 16 жұмыс орнын ұйымдастыру үшін 18 жұмыс беруші өтінім тапсырды. 2026 жылдың басынан бастап 16 түлек «жастар практикасы» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: - «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ – 1 (заңгер) - «Тобыл» ЖК – 1 (жануарларды ветеринариялық өңдеу жөніндегіоператоры) - «Өрнек аулдық округінің әкімінің аппараты» ММ – 1 (заңгер) - «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қостанай облысы Қарабалық аудандық филиалы – 1 (заңгер) - «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қазақстан агротехникалық коледжі» КМҚК – 1 (қызмет көрсету саласындағы өндірістік оқыту шебері) - «Жанкишев» ЖК – 1 (аспаз) - «Ю.Ф. Хазиева» ЖК – 1 (аспаз) - «Қарабалық к. әкімінің аппараты» ММ – 2 (1 – заңгер, 1 - жөндеу механигі) - «Н.А. Шабанов» - 1(автоэлектромеханик) - «Қарабалық ауданы әкімдігінің ТКЖ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ – 1 (тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі маман) - «Қарабалық ауданының ветеринариялық станциясы» КМК – 2 (ветеринариялық санитар) - «Терра» ЖШС – 2 (ветериналдық дәрігер) -«Бөрлі аулдық округінің әкімінің аппараты» ММ – 1 (заңгер) - «Иржанов М.К.» ЖК – 1 (көлік диспечері) -«Ак Бидай Агро» ЖШС - 1 (заңгер) Әлеуметтік жұмыс орындарынжұмыс берушімансап орталығыменшарт негізінде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін олардың жалақысын субсидиялай отырып құрады Қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың жалақысына берілетін ай сайынғы субсидия мөлшері салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескере отырып, экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, белгіленген жалақы мөлшерінің 35% - ын құрайды, бірақ 24 (жиырма) АЕК-тен аспайды немесе 103800 теңге. Қарабалық ауданындаәлеуметтік жұмыс орындарын өту үшін 10 жұмыс орнын ұйымдастыру үшін 12жұмыс беруші өтінім тапсырды. 2026 жылдың басынан бері 10 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды, оның ішінде: - «Алдияр» ЖК - 1 (сатушы) - «Лавренко К.С.» ЖК - 2 (сатушының көмешісі, әкімші) - «Хазиева Ю.Ф.» ЖК – 1 (аспаз) - «Silkway Products» ЖК – 1 (мал өсірушы) - «Исмаилова А.Т.» ЖК – 1 (сатушының көмешісі) - «Долгих Д.А.» ЖК – 1 (сатушы) - «Кирющенко» ЖК- 1 (сатушы) - «Токкужина Г.К.» ЖК- 1 (сатушы) - «Вавилон компаниясы» ЖШС – 1(сатушының көмешісі) - «Нурушев» ЖК – 1(автомобиль көлігінің дистпечері) «Күміс жас»жобасы-жұмыс орындары зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдар үшін ұйымдастырылады. Қатысушылар:50 жастан асқан жұмыссыз тұлғалар.Субсидиялау кезеңі 36 айдан аспайды. Субсидиялау кезеңі36 айдан аспайды. субсидиялардың ай сайынғы мөлшері салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банк қызметтерін ескере отырып, экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, субсидиялардың ай сайынғы мөлшері: 1) қатысудың алғашқы 12 (он екі) айы – жалақы мөлшерінің 70%, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды (2026 жылы=129750 теңге); 2) қатысудың 13 (он үшінші) айдан 24 (жиырма төртінші) айына дейін-жалақы мөлшерінің -65%, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды; 3) қатысудың 25 (жиырма бесінші) айдан 36 (отыз алтыншы) айына дейін – жалақы мөлшерінің - 60%, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды. Қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші 50 жастан асқан жұмыссыздарды кемінде 1 жыл мерзімге тұрақты жұмыс орнына, сондай – ақ зейнеткерлікке шыққанға дейін зейнеткерлік жасқа дейінгі адамды жұмысқа орналастыруға міндеттенеді. «Күміс жас»жобасын – 9 жұмыс орындарың ұйымдастыру үшін10 жұмыс беруші өтінім тапсырды. -«О.Н. Воробьев» ЖК – 1 (сауыншы) -«Алдияр» ЖК – 1 (мал өсіруші) -«Дауранбеков К.М.» ЖК – 1(көлікті жөндеу жөніндегі механик) -«Идрисова Жанна Оразгалеевна» ЖК – 1 (сатушы) -«Лагутина Галина Станиславовна» ЖК – 1(жүк көлігің жүргізушісі) -«Бисембаев Т.С.» ЖК – 1 (а/ш өндірісінің тракторшысы-машинисі) -«Жаркимбаева А.А.» ЖК - 1 (а/ш механизаторы) -«Tiger Карабалык» ЖК – 1 (Логист) -«Южная» ӘКК – 1(мал өсіруші) -«Tiger Карабалык» ЖК - 1 (логист) 2026 жыл басынан бастап бос жұмыс орындарына - 573 адам жұмысқа орналастырылды. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру Өңіраралық қоныс аудару жұмыс күші артық облыстардан (бұдан әрі – шығу өңірлері) жұмыс күші жетіспейтін облыстарға (бұдан әрі – қабылдау өңірлері) жұмысқа орналастыруға немесе кәсіпкерлік бастамаларға жәрдемдесу бойынша міндеттемелермен жүзеге асырылады. Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары кейінгі 10 жылда облыстағы халық саны жыл сайын 2 %-дан артық өсетін және/немесе халқының тығыздығы шаршы километрге 6,4 адамнан асатын шығу өңірлері болып айқындалған. "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасына қатысушылар қатарындағы түлектер, сондай-ақ қандастар шығу өңіріне/мемлекетіне қарамастан өңіраралық ерікті түрде қоныс аударуға қатысады. Облыс ішінде ерікті түрде қоныс аударуды мемлекеттік қолдау: 1) адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне материалдық көмек көрсету ; 2) жұмыс берушінің қажеттілігі бар болған кезде кәсіптік оқытуды; 3) жаңа тұрғылықты жерде жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуді қамтиды. Қабылдау өңірлерінің өңіраралық қоныс аударуға осы Қағидалардың шартына сәйкес жәрдем көрсететін жұмыс берушіге: 1) қабылданған әрбір қызметкер үшін бір мезгілде 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (одан әрі – АЕК) бір рет жұмысқа орналасуға арналған субсидия (бұдан әрі – жұмысқа орналасуға арналған субсидия) мынадай шарттар кезінде: кемінде екі жыл мерзіммен тұрақты жұмысқа орналастыру; тұрғын үймен қамтамасыз ету; 2) ауыл елді мекендерінде жаңа тұрғын үй құрылысына шығыстардын 50%-на дейін өтеу арналған субсидия беріледі (бұдан әрі –тұрғын үй салуға арналған субсидия). Жұмыс берушіге жұмысқа орналасуға субсидия берілген кезде көшуге субсидия төленбейді және тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығыстар кандасқа және қоныс аударушыға өтелмейді. Экономикалық мобильділік сертификаты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бекітілген ипотекалық бағдарламасы, және (немесе) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, оның ішінде Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылатын "Наурыз" тұрғын үй бағдарламасы, сондай-ақ қаржы институттарының ипотекалық кредиттеу құралдары мен тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі шеңберінде осы Қағидалардың 68 және 69-тармақтарында көзделген тәртіппен және шарттармен ауылдық елді мекендерде тұрғын үйді сатып алу немесе облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда тұрғын үй сатып алу кезінде бастапқы жарнаны төлеу үшін ипотекалық тұрғын үй несиелері бойынша беріледі. Экономикалық мобильділік сертификаты қандастарға немесе қоныс аударушыларға қабылдау өңіріндегі тұрақты тұратын елді мекенде тұрғын үй сатып алу кезінде 1 625 АЕК мөлшерінде беріледі (2026 жылы – 7028125 тенге). Бұл ретте, егер тұрғын үйдің құны экономикалық мобильділік сертификатының мөлшерінен аспайтын болса, ақшалай төлем сатып алынатын тұрғын үйдің нақты бағалау құны мөлшерінде жүргізіледі. Көшуге - бір мезгілде 70 АЕК (2026 жылы - 302750 теңге) мөлшерінде отағасы мен әрбір мүшесіне. Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша шығыстарды өтеуге-ай сайын, он екі ай ішінде мынадай мөлшерде: - бір адам үшін 15 АЕК (2026 жылы -64875теңге) мөлшерінде; - отбасы мүшелерінің саны екіден төртке дейін болған кезде 18 АЕК (2026 жылы-77850 теңге) мөлшерінде; - отбасы мүшелерінің саны бес және одан көп болған кезде 21 АЕК (2026 жылы -90825 теңге) мөлшерінде. 2026 жылы Қарабалық ауданына 7 ішкі мигранттарды көшуі ұйымдастырылады. 2026 жылдың басынан бастап ішкі көшіп қонушылардың – 4 адамы Қарабалық ауданының қоныс аударушылар квотасына енгізілді. Қазіргі уақытта «Қарабалық ауданының Мансап орталығы» филиалының мамандары ауданның жұмыс берушілерінен алдағы уақытта қызметкерлердің босатылуы туралы, алдағы еңбек жағдайларының өзгеруі туралы, бос жұмыс орындарының болуы туралы мәліметтерді жинауды жүзеге асырады, Әлеуметтік жұмыс орындарын, жастар практикасын ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын ұйымдастыруға, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін 2026 жылға қатысу бойынша жұмыс берушілердің өтінімдерін қабылдауды жүзеге асырады. «Күміс жас». 2026 жылы ӘЖО ұйымдастыруға – 12, ЖП ұйымдастыру үшін - 16, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін – 16, «Күміс жас» жобасын ұйымдастыру үшін – 9 өтінім қабылданды. Мансап орталығы 7 мемлекеттік қызмет бойынша өтініш қабылдауды және нәтиже беруді жүзеге асырады, оның 3-уі көрсетілетін қызметті беруші болып табылады: Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу. Жұмыссыздарды тіркеу. Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру. Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы ақпарат беру Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау. 6.Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу. Жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдер тағайындау. Сұрақтар бойынша мына мекен-жайға хабарласуға болады: Қарабалық кенті, Космонавтов көшесі, 16, тел. 8(71441) 32923, Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қостанай облысы бойынша Еңбек ұтқырлығы орталығы»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қарабалық ауданының Мансап орталығы» филиалы. 2026 жылғы 1 қазанға «Қарабалық ауданының Мансап орталығы» филиалы жұмысы туралы мәліметтер Халықты жұмыспен қамту жөніндегі іс-шараларды орындау бойынша– 975 адам жүгінді. Халықты жұмыспен қамту жөніндегі іс-шараларындақатысу үшін өтініш бергендер - 889 оның ішінде: – кәсіби дайындық - жоспар 14 /факт15 – ағымдағы бос орындарға жұмысқа орналастыру – 551/573 – қоғамдық жұмысқа орналастыру - жоспар 53 / факт 57 – ӘЖО жұмысқа орналастыру - жоспар 10 /факт 12 – жастар тәжірибесіне жұмысқа орналастыру - жоспар 16/факт 18 – қоныс аудару – жоспар 7 / факт 7 – Бастау-Бизнес-жоспар 80 / факт 126 – гранттар - жоспар 7/ факт 3 – күміс жас - жоспар 9 / факт10 – инфрақұрылымдық жобаларға жұмысқа орналасу - жоспар 73 /факт 68 Халықты жұмыспен қамту жөніндегі іс-шараларындақатысуды жалғастыруда – 85адам. оның ішінде: – ӘЖОжұмысқа орналастыру – 9 – жастар тәжірибесіне жұмысқа – 10 – бірінші жұмыс орны – 2 – күміс жас – 27 – гранттар – 3 – шағын несие – 0 – қоғамдық жұмыстары – 34
Жарияланды:
Ақпарат
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының менеджер-кеңесшісі қабылдауды жүргізеді