Егер ұялы байланыс операторы ескертпей тарифті өзгертсе, қайда жүгінуге болады?
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес бәсекелестікті дамыту мақсатында 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап байланыс қызметтеріне тарифтерді мемлекеттік реттеудің күші жойылды. Бұдан басқа, «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, байланыс операторлары байланыс қызметтеріне арналған тарифтерді негізделген шығындарды негізге ала отырып дербес белгілейді