Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады

    "Қособа ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ

    2026 жылғы 2 желтоқсанда «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) барша ниет білдірушілерді «Ашық есік күні» дәстүрлі онлайн-кездесуіне шақырады. «Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол» тақырыбындағы кездесуде Қор мамандары зейнетақы заңнамасындағы өзекті өзгерістер, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын басқару және пайдалану мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат береді.

    Қазақстанның зейнетақы жүйесі дамып, заңнама жетілдірілген сайын азаматтардың өз зейнетақы жинақтарын басқару мәселелеріне белсенді қатысуына мүмкіндік беретін тетіктер де кеңейіп келеді. Бүгінде салымшылар өз жинақтарын толық немесе ішінара жеке инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) сенімгерлік басқаруына бере алады. Сондай-ақ қаржылық мақсаттарына, инвестициялау мерзіміне және тәуекелге дайындығына қарай өздеріне қолайлы инвестициялық портфельді таңдауына, белгіленген талаптарды сақтай отырып, сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасуына, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдалануына болады.

    Азаматтардың өз зейнетақы құқықтары мен мүмкіндіктерін жақсы түсініп, зейнетақы жинақтарын басқарудың түрлі құралдарының ерекшеліктерінен хабардар болуы және саналы шешім қабылдауы маңызды. Осы мақсатта БЖЗҚ сіздерді «Ашық есік күніне» қатысуға шақырады. Кездесу барысында Қор мамандары қажетті ақпарат беріп, қолданыстағы тәртіптерді түсіндіреді және қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап береді.

    Кездесу барысында сіздер:

    • зейнетақы заңнамасына азаматтардың зейнетақы активтерін басқаруға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге байланысты қандай өзгерістер енгізілгенін;
    • салымшылардың зейнетақы жинақтарын басқару үшін қандай құралдарды пайдалана алатынын;
    • басқарушы компания мен инвестициялық портфельді қалай таңдау керектігін, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру тәртібін;
    • басқарушы компанияны таңдау кезінде өз бетінше талдау жүргізу үшін салымшыларға қандай ақпарат қолжетімді екенін;
    • зейнетақы активтерін қорғау үшін қандай тетіктер қарастырылғанын;
    • зейнетақы аннуитеті дегеніміз не, оны кімдер және қандай жағдайларда рәсімдей алатынын;
    • тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу үшін зейнетақы жинақтарын қандай талаптар мен шарттар негізінде пайдалануға болатынын біле аласыздар.

    Іс-шара онлайн форматта өтеді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Қор мамандарынан қажетті түсіндірмелер мен жеке кеңес ала алады. Мұндай форматтың басты артықшылығы – әлемнің кез келген нүктесінен онлайн қосылып, өзекті ақпаратты тікелей мамандардан алу мүмкіндігі.

    Айта кетейік, БЖЗҚ Қазақстан халқының қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөледі. Биылғы 9 айда ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 44,6 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оларға 880,1 мың адам қатысты. Кезекті «Ашық есік күні» – осы бағыттағы жүйелі жұмыстың жалғасы.

    Бұл іс-шара салымшылар үшін де, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты тақырыптарды ақпараттық кеңістікте жариялап жүрген журналистер үшін де пайдалы болады деп сенеміз.

    Іс-шараға қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет.

    Белгіленген уақытта төмендегі сілтеме арқылы онлайн-кездесуге қосылуларыңызды сұраймыз: ( https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m7452509ba396af60869c483862ba12b4)

    Event-кеңес нөмірі: 2513 885 6956

    Event-кеңестің құпиясөзі: 1234

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kz сайтында).

    Жүктеу
    3d88c96f6be62c7c70266b6ca54b96251df4b72c4b71c0e9b4886beab447a2c6_original.64675.docx
    DOCX · 63 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Алаяқтардан қалай сақтанып, зейнетақы жинақтарын қорғауға және дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады? БЖЗҚ қызметтері тегін бе?

    11. Алаяқтар қандай негізгі айла-тәсілдерді қолдануы мүмкін? «Қайта есептеу», «жарналардың түспеуі», «сізге тиесілі төлем» және электрондық кезекті брондау туралы қоңыраулар мен хабарламалар Алаяқтар өздерін БЖЗҚ қызметк...

    Ақпарат

    Соңғы 12 ай ішінде отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 2,60 трлн теңгеге артты

    Қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-дағы (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақтарының көлемі 2026 жылдың 1 қазанына 28,30 трлн теңгегежетті. 12 айдағы өсім – 2,60 трлн теңгенемесе 10,0%. Негізгі бөлігі міндетті зейнетақы жарналарынан (МЗ...

    Ақпарат

    ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасу қажеттілігі туралы

    Келісімнің қабылдану тарихы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 20 желтоқсанда қабылданған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім (бұдан әрі – Келі...

    Ақпарат

    2026 жылғы 1 қазанға Қарабалық ауданында халықты жұмыспен қамту жөніндегі іс-шараларды орындау бойынша ақпарат

    Халықты жұмыспен қамту жөніндегі іс-шараларды орындау бойынша ақпаратмынадай мемлекеттік қолдау шараларын қамтиды: Кәсіптік оқыту Кәсіптік оқыту – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінде көзделген жұмыспен қамту...

    Ақпарат

    Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының менеджер-кеңесшісі қабылдауды жүргізеді

    Есеп

    2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша бюджеттің атқарылуы туралы есеп

    Бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларына 10-қосымша Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан Ұсынылады: жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде...

    Ақпарат

    Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын сақтау

    Баяндама

    Әкім сөзінің тезистері Қособа ауылдық округі «2026 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы»

    Құрметті ауылдастар, қатысушылар! Қособа ауылдық округінде 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар және алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы баяндауға рұқсат етілсін. Абаттандыру: ауылдық округті абаттандыру шеңбер...