Қызметкерлер — Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

    Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    5
    Манзоров Серик Багдатович
    Басшы

    Манзоров Серик Багдатович

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы

    Манзоров Серик Багдатович, 07 шілде 1983 жылы Алматы облысы Талдықорған қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін 2004 жылы «юриспруденция» мамандығы бойынша бітіріп, заңгер квалификациясын алды. 2006 жылы West Coast University бітіріп, Іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесін алды. 2009 жылы - Т. Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті, қаржы мамандығы бойынша, қаржы квалификациясы. 2010 жылы мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі дәрежесін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында алды. 2019 жылы құрылыс мамандығы бойынша Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтын бітірді. Мемлекеттік наградалар мен құрметті атақтар: 2020 жылы «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төс белгісімен марапатталды; 2021 жылы «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 100 жыл» естелік медальмен марапатталды; 2021 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медальмен марапатталды. 2023 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды.

    ЛицензированиеСалық әкімшілігіӘкімшілендіруМаркировка
    Мадиев Ануар Маратұлы
    Басшының орынбасары

    Мадиев Ануар Маратұлы

    Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары

    Мадиев Ануар Маратович, 1983 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, заң ғылымдар кандидаты.

    ЛицензированиеСалық әкімшілігіӘкімшілендіруСыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері
    Сауданбеков Айдын Турганбекулы
    Басшының орынбасары

    Сауданбеков Айдын Турганбекулы

    Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары

    Айдын Турганбекулы Сауданбеков, 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1997 жылы Қазақстан мемлекеттік басқару академиясын " экономика және менеждмент " мамандығы бойынша бітірген, қаржы бакалавры академиялық дәрежесі берілген.

    Салық әкімшілігіӘкімшілендіруМаркировкаСыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері
    Нурлыбеков Азамат Тлеубаевич
    Басшының орынбасары

    Нурлыбеков Азамат Тлеубаевич

    Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл

    Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Нурлыбеков Азамат Тлеубаевич, 10 қантар 1981 жылы Қырғыз Республикасы Бишкек қаласында дүниеге келген. Жүсіп Баласағын атындағы Қырғыз Ұлттық университетін 2003 жылы «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітіріп, қаржыгер квалификациясын алды. Д.А. Қонаев атындағы университетін 2012 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша бітіріп, бакалавр дәрежесін алды. «Тұран-Астана» университетін 2020 жылы «Юриспруденция» мамандығы бойынша бітіріп, құқық магистрі дәрежесін алды.

    Салық әкімшілігіӘкімшілендіруСыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері
    Амангелді Ғалымжан Төрегелдіұлы
    Басшының бірінші орынбасары

    Амангелді Ғалымжан Төрегелдіұлы

    Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары

    Амангелді Ғалымжан Төрегелдіұлы, 1989 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2010 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін "Қаржы" мамандығы бойынша бітірген, қаржы бакалавры академиялық дәрежесі берілген.

    Салық әкімшілігіӘкімшілендіруСыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері

    Басқа қызметкерлер

    27