
Манзоров Серик Багдатович
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы
Өмірбаян
Манзоров Серик Багдатович, 07 шілде 1983 жылы Алматы облысы Талдықорған қаласында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін 2004 жылы «юриспруденция» мамандығы бойынша бітіріп, заңгер квалификациясын алды. 2006 жылы West Coast University бітіріп, Іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесін алды. 2009 жылы - Т. Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті, қаржы мамандығы бойынша, қаржы квалификациясы. 2010 жылы мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі дәрежесін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында алды. 2019 жылы құрылыс мамандығы бойынша Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтын бітірді.
Мемлекеттік наградалар мен құрметті атақтар:
2020 жылы «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төс белгісімен марапатталды;
2021 жылы «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 100 жыл» естелік медальмен марапатталды;
2021 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медальмен марапатталды.
2023 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды.
Еңбек қызметі:
18.10.2006 ж. - 12.03.2008 ж. Алматы қаласының Алмалы ауданы әкімі аппаратында;
13.03.2008 ж. – 08.06.2008 ж. Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратында;
09.06.2008 ж. – 03.11.2010 ж. Алматы қаласы әкімі аппаратында;
04.11.2010 ж. – 18.07.2011 ж. Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық басқармасы бастығының орынбасары;
19.07.2011 ж. - 24.10.2013 ж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Медеу ауданы бойынша салық басқармасы бастығының орынбасары, Алматы қаласы;
25.10.2013 ж. - 12.11.2015 ж. Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі орынбасары;
14.12.2015 ж. – 30.12.2015 ж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы;
31.12.2015 ж. - 24.08.2016 ж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы, басшысы;
25.08.2016 ж. – 16.10.2016 ж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары;
17.10.2016 ж. – 11.01.2017 ж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Халықаралық қатынастар басқармасы басшысының орынбасары;
12.01.2017 ж. – 12.05.2019 ж. Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі;
13.05.2019 ж. – 28.09.2021 ж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлкекеттік кірістер комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары;
29.09.2021 ж. – 20.10.2025 ж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы;
2025 жылғы 22 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды.



