
Мадиев Ануар Маратұлы
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары
Өмірбаян
Мадиев Ануар Маратович, 1983 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, заң ғылымдар кандидаты.
Мансап
Еңбек жолын 2004 жылы бастаған. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі істер органдарында, Қазақстан Республикасы Көлік және тасымал министрлігінде, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде жұмыс істеді. 2010 жылдан 2014 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Қарағанды облысы бойынша Салық департаментінің Қазыбек би атындағы аудан бойынша Салық басқармасы басшысының орынбасары, кейін Қарағанды облысы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. 2017 жылдан бастап 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Экспорттық бақылау басқармасының басшысы, содан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Саудалық емес айналым басқармасының басшысы болып жұмыс істеді. 2022 жылдан бастап 2024 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы лауазымын атқарды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Мемлекеттік кірістер комитетінің 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 252-ж бұйрығымен 2024 жылғы 12 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды.



