Қызметкерлер — Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті

    Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    5
    Күлдіков Марат Мұхаметқалиұлы
    Бастық

    Күлдіков Марат Мұхаметқалиұлы

    начальник Департамента по ЧС города Астана

    Марат Күлдіков 1967 жылы Семей облысында дүниеге келген. ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін "өртке қарсы қорғауды ұйымдастыру және техникасы" мамандығы бойынша және ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын "Өрт қауіпсіздігі"мамандығы бойынша бітірген.

    Мәуленбердиев Бақытжан Тасқынбекұлы
    Басшының орынбасары

    Мәуленбердиев Бақытжан Тасқынбекұлы

    Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары

    Бақытжан Мәуленбердиев 1986 жылы 16 тамызда Жамбыл облысы Жаңатас қаласында дүниеге келген. 2009 жылы Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институтын бітірген.

    Бүркітбай Әрлен Бүркітбайұлы
    Басшының орынбасары

    Бүркітбай Әрлен Бүркітбайұлы

    Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары

    Бүркітбай Әрлен Бүркітбайұлы 1976 жылы Алматы облысы Нарынқол ауылында дүниеге келген. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, 2006 жылы Ресей ТЖМ азаматтық қорғау Академиясын, 2018 жылы Ресей Федерациясы Бас Штабының Әскери академиясын бітірген

    Азаматтық қорғаныс
    Тұқышев Өміржан Бауыржанұлы
    Басшының орынбасары

    Тұқышев Өміржан Бауыржанұлы

    Бастықтың орынбасары

    Өміржан Тұқышев1986 жылы 25 шілдеде Көкшетау қаласында дүниеге келген. Құқық қорғау органдарында 2003 жылғы тамыздан бастап қызмет етеді. 2007 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын үздік бітірген, 2009 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін, 2021 жылы ҚР БП құқық қорғау органдарының академиясын бітірген. 2025 жылы М. Ғабдуллин атындағы ҚР ТЖМ азаматтық қорғау академиясын бітірген.

    ТЖ профилактикасы
    Баймулдинов Елухан Әділханұлы
    Басшының орынбасары

    Баймулдинов Елухан Әділханұлы

    Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары

    Баймулдинов Елухан Әділханұлы 1967 жылы Алматы облысы, Көксу ауданында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1994 жылы Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін, 2001 жылы «Темірқазық» институтын бітірген.