
Мәуленбердиев Бақытжан Тасқынбекұлы
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары
Өмірбаян
Бақытжан Мәуленбердиев 1986 жылы 16 тамызда Жамбыл облысы Жаңатас қаласында дүниеге келген. 2009 жылы Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институтын бітірген.
2009 жылы еңбек жолын Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ мемлекеттік меншіктің аса маңызды объектілерін күзету жөніндегі отрядының №14 өрт сөндіру бөлімінің алдын алу тобының инспекторы болып бастаған. 2010-2011 жылдары №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері, 2011-2016 жылдары № 6 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, 2016-2018 жылдары № 16 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, 2018-2024 жылдары Асқар Забикулин атындағы №6 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы лауазымында қызмет атқарған. Соңғы лауазымы – Астана қаласы ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы.



