
Баймулдинов Елухан Әділханұлы
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары
Өмірбаян
Баймулдинов Елухан Әділханұлы 1967 жылы Алматы облысы, Көксу ауданында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1994 жылы Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін, 2001 жылы «Темірқазық» институтын бітірген.
Елухан Әділханұлы еңбек жолын 1985 жылы қарапайым қызметкерден бастап, әр жылдары әскери, кеден, көліктік бақылау инспекция қызметтерінде түрлі лауазымдарда атқарған.
2017-2018 жылдары Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары,
2018-2020 жылдары Алматы облысы және 2022-2023 жылдары Жетісу облысы бойынша ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаменті басшысы қызметін атқарған.
2023-2024 ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымында қызмет еткен.
Соңғы лауазымы – ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департамент басшысы.



