
Күлдіков Марат Мұхаметқалиұлы
начальник Департамента по ЧС города Астана
Өмірбаян
Марат Күлдіков 1967 жылы Семей облысында дүниеге келген. ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін "өртке қарсы қорғауды ұйымдастыру және техникасы" мамандығы бойынша және ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын "Өрт қауіпсіздігі"мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы Семей қаласын күзету бойынша ІІБ №79 әскерилендірілген өрт сөндіру бөліміне қарасты өрт сөндіруші болып бастаған. 1993-2008 жылдары Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында орта және аға басшы құрамның түрлі лауазымдарын атқарды. 2008-2012 жылдары-Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары-Семей қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы. 2012-2014 жылдары-Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы. 2014-2016 жылдары -Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы. 2016-2019 жылдары-ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары. 2019-2020 жылдары-Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының бірінші орынбасары. 2020 жылдан 2023 жылға дейін ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі.



