Қызметкерлер — Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    4
    Белқайыров Азамат Сайлауұлы
    Комитет Төрағасы

    Белқайыров Азамат Сайлауұлы

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы

    Азамат Белқайыров 1990 жылы 10 маусымда Қостанай облысында дүниеге келген. 2012 жылы Еуразия гуманитарлық институтын бітірген.

    Талапов Шерхан Талапұлы
    Төрағаның орынбасары

    Талапов Шерхан Талапұлы

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары

    1993 жылы 15 тамызда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Филология, әдебиеттану және әлем тілдері» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Академиялық алмасу бағдарламасы бойынша Гази университетінде (Анкара, Түркия) білім алған. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

    Музыка өнеріТеатр өнері
    Барлыбаев Сәбит Жарасұлы
    Төрағаның орынбасары

    Барлыбаев Сәбит Жарасұлы

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары

    1987 жылғы 3 қыркүйек күні туған. 2010 жыл - Қазақ Ұлттық өнер университеті, дәстүрлі музыка өнері бакалавры; 2014 жыл - Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, құқық бакалавры, 2016 жыл - Инновациялық Еуразия университеті, экономика және бизнес магистрі; 2025 жыл – Пеннсильвания мемлекеттік университеті, халықаралық құқық магистрі (АҚШ, «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша).

    Жиынтық-талдау жұмысы басқармасыРепертуарлық саясат және өңірлік қызметті үйлестіруКинематография
    Әбдірейісов Досбол Нұржанұлы
    Төрағаның орынбасары

    Әбдірейісов Досбол Нұржанұлы

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары

    1987 жылғы 20 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2009 жылы З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін «Тарих» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2019 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2025 жылы Ұлыбританиядағы Линкольн университетінде «Кино және телевизия саласындағы продюсерлік» бағыты бойынша білім алған.

    Басқа қызметкерлер

    9
    Дакенов Ерлан Ерғазыұлы
    Қызметкерлер

    Дакенов Ерлан Ерғазыұлы

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы

    1977 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін, Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетті бітірген.