
Барлыбаев Сәбит Жарасұлы
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары
Өмірбаян
1987 жылғы 3 қыркүйек күні туған.
2010 жыл - Қазақ Ұлттық өнер университеті, дәстүрлі музыка өнері бакалавры;
2014 жыл - Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, құқық бакалавры,
2016 жыл - Инновациялық Еуразия университеті, экономика және бизнес магистрі;
2025 жыл – Пеннсильвания мемлекеттік университеті, халықаралық құқық магистрі (АҚШ, «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша).
Еңбек жолын 2007 жылы Астана қаласының мемлекеттік филармониясында оркестр әртісі ретінде бастады.
2011 жылы Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәдениет үйінде көркемдік жетекші ретінде қызмет атқарып, 2013 жылы Павлодар облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы лауазымына тағайындалды.
2016 – 2017 жылдары Павлодар облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мәдениет, өнер және тарихи-мәдени мұраны қорғау бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
2017 – 2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаменті Музыка өнері басқармасының сарапшысы және бас сарапшысы болып қызмет атқарды.
2018 – 2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаменті Репертуарлық саясат басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2019 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды.
2019 – 2021 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2021 – 2022 – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бас консультанты.
2022 – 2024 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аппараты Халықаралық байланыстар және Протокол бөлімінің бас консультанты, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аппараты Сараптама-талдау бөлімінің сектор меңгерушісі лауазымдарында қызмет атқарды.
2024 жылғы 11 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

