
Талапов Шерхан Талапұлы
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары
Өмірбаян
1993 жылы 15 тамызда дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Филология, әдебиеттану және әлем тілдері» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Академиялық алмасу бағдарламасы бойынша Гази университетінде (Анкара, Түркия) білім алған.
Халықаралық «Шабыт» фестивалінің, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.
Еңбек жолын 2013 жылы Massaget.kz танымдық-ақпараттық порталында контент-менеджер болып бастаған.
2015-2019 жылдар аралығында Ult.kz ақпараттық порталының Бас редакторы болып қызмет еткен.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде» ақпараттық-имидждік жұмыс бөлімінде менеджер, ғылыми әдістемелік жұмыс бөлімінің ескерткіштерді зерттеу секторында сарапшы, сондай-ақ директордың кеңесшісі лауазымдарында еңбек еткен.
«Топ пресс медиа» ЖШС-да редактор, ҚР Президенттік орталығында жетекші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген.
2022-2023 жылдары «Қазтелерадио» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің штаттан тыс кеңесшісі, 2023-2024 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің кеңесшісі болып қызмет еткен.
2025-2026 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ директоры м.а. лауазымында жұмыс істеді.
2025 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.