
Әбдірейісов Досбол Нұржанұлы
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары
Өмірбаян
1987 жылғы 20 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
2009 жылы З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін «Тарих» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2019 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
2025 жылы Ұлыбританиядағы Линкольн университетінде «Кино және телевизия саласындағы продюсерлік» бағыты бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2009 жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы Преснов орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған.
2013-2014 жылдары Есіл аграрлық-техникалық институты мен Есіл ауыл шаруашылығы колледжінде тәрбиеші болып жұмыс істеген.
2014 жылы Петропавл қаласының білім бөлімінде әдіскердің міндетін атқарған.
2015-2018 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының білім беру саласында түрлі қызметтер атқарған.
2018-2022 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары болған.
2022-2023 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы болып қызмет істеген.
2025-2026 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы лауазымында жұмыс істеген.
2026 жылғы тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарады.


